Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: | Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция |
Танымдық мәтін: | |
Ювеналды әділет – кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау кепілі Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет негізін қалаушы бағыттарының бірі, бала құқығын қорғау мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сай неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Бала құқығын қамтамасыз ету қазіргі заманның ауқымды проблемасына жатады, оның шешіміне барлық дүниежүзілік қауымдастық мүдделі. Біздің Республикада балалар құқығына үлкен назар аударылатынын атап өту керек. Мәселен, бала құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне 2008 жылғы 8 тамыздағы «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арналған, 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы», сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілер бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда жас ұрпақты жағымсыз факторлар әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін және жас ұрпақтың дамуы үшін барлық алғышарттарды құруда ювеналды әділет органдарын құрудың өткір қажеттілігі туындады. Өркениетті елдерде сот ісін жүргізу нысанында сүрінген балаға көмекпен «қол ұшын беру» жүзден астам жылдар бойы белгілі: кәмелетке толмағандар үшін ювеналды соттар (латын сөзінен «ювеналий»- жастық) ювеналды әділет жүйесіне енген. «Ювеналды әділет» түсінік барлық дүниежүзінде оның бас буыны - кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотпен байланысты әділет, яғни cот әділдігі деген түсінікті белгілейді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі алғашқы сот 1899 жылдың 2 шілдесінде Чикагода Иллинойс штатының Заңы негізінде құрылғаны белгілі. ХХ ғасыр басында кәмелетке толмағандар үшін соттардың басқа елдер қатарында құрылғандары белгілі болды, яғни мына елдерде: Канада, Англия, Бельгия, Нидерландтар, Ресей, Польша, Венгрия, Испания, Грекия, Ирландия және тағы басқаларында. Ювеналды соттар көптеген өркениетті елдерде кызмет атқарады, іс тәжірибеде олар өздерінің тиімділігін дәлелдеді, алдымен олар балалар құқықтарын қорғауға және баламен жасалатын қылмыстың алдын алуға мақсатталған. Сондықтан Қазақстанда ювеналды әділет құру көкейтесті міндеттің бірі болып отыр. Кейбір заңгер-ғалымдар пікірі бойынша ювеналды әділет бірыңғай және өзара байланыстағы жүйе тәрізді құқықтық, соттық және әлеуметтік нормалар және институттар жиынтығын ұсынуы қажет, мыналар енуімен: ювеналды сот, ювеналды полиция, ювеналды прокуратура, әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық қызметтер бөлімшелерін, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізушілер, омбудсмен қызметі (кәмелетке толмағандар құқықтары жөніндегі өкілдер); жабық тәрбиелеу мекемелері; арнайы жартылай жабық және ашық оқу-тәрбиелік түзетілім мекемелері, арнайы жартылай жабық және жабық медицина-тәрбиелеу мекемелері. Ювеналды әділет - кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігінің ерекше жүйесі. Бұл жүйенің негізінде «parens patrie» доктрина жатыр, осыған орай кәмелетке толмағандар үшін оларға зиян келтіру ортадан және қауіп төну тәртібінен сақтай отырып мемлекет қамқоршы немесе жауапты тұлға болып келеді. Бұл тәсіл екі идеямен негізделген: жеткіншектер өздерінің дамуында өзінің нақты қылықтарын ұғуға және оған толық жауап тартуына әлі қабілетсіз; жеткіншектің жас мөлшеріне қарап оны әлі қайта тәрбиелеуге болады. Ювеналды әділеттің рөлі мен мәні құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару болып табылады. Бұл стратегияны іске асырудағы әдістер мен тәсілдер, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың себебін анықтау және алдын алу болып табылады. Кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізудің, қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңінде ауқымды мағынасы бар, яғни онымен жеткіншек келешегі байланысты, ол әлі тұлға түрінде қалыптаспады және ол, оны қоршаған ортаға, сол сияқты отбасының материалдық және моральдық жағдаймен тәуелді. Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылар санатында ең кеңінен тараған – бұл жалпы бағытымен тұрақталмаған жас жеткіншектер, олар оң және жағымсыз да қылықтарға тез еліктейді. Мәселен, кәмелетке толмағандармен, негізінде топтап жүргендер арасында және оларға үлкендер қатысуымен немесе олардың әсерінен, көбіне ішімдік жағдайда, материалдық қиындықтармен, ата-аналары және педагогтар тарапынан қажет бақылаудың болмауынан, үйден тыс жерде шексіз болудан, кейбір ерік және психологиялық даму сияқты ақыл - парасаттық элементтерінің жас жеткіншек бойында болмауынан қылмыс жасалатынын атап өткен жөн. Жоғарыда баяндалғандар негізінде, мына қорытындыны жасауға болады, біздің елімізге халықаралық–құқықтық құжаттарда ұсынылып отырылған, ювеналды әділетті енгізу, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге елеулі өзгерістер әкелуі мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында көзделген, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары талабын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге көмегін тигізер еді. | |
Кері/байланыс: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?