Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Ювеналдық әділеттің маңыздылығы
Мақсаты:
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, заңдық ұғымдармен таныстыру.
Талқылауға ұсынылатын 1-мәселе
Ювеналдық әділет дегеніміз не?
Жалпы заң тұрғысынан ювеналдық әділет дегеніміз – бұл кәмелетке толмағандарды және олардың құқықтарын қорғау жүйесі.
Соңғы жылдары Ресейде балалардың құқықтарына қатысты істерді әдетегі соттардың құзырынан тысқары шығару, яғни Ресейде ювеналдық әділет құру туралы көзқарастар кеңінен таралуда.
1910-1917 жж. Ресейде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар жүйесі құрылып, онда судья міндеттерін бітістіруші сот орындаған. Мұндай соттардың ерекшеліктеріне сот талқысының құпиялылығы, қатып қалған рәсімдердің, соның ішінде ресми айыптау актісінің болмауы, негізінен судьяның жасөспіріммен қамқоршысының қатысуымен сұхбаттасуынан тұратын жеңілдетілген іс жүргізу, негізгі ықпал ету шарасы ретінде қорғаншылық қадағалауды қолдану жатқызылған болатын.
Кеңестік қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама реформалары кезінде (1959 – 1961 гг.) кәмелетке толмағандар үшін әділет орнату моделін құруға талпыныстар жасалды. Реформаның алғашқы жылдарында бұл ой іске аса бастады (өйткені кәмелетке толмағандардың құқықтарына қосымша кепілдіктер, судьялардың, прокурорлардың, тергеушілердің мамандану салалары енгізілді). Алайда заңнаманы әрі қарай өзгерту кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қайшы келгендіктен, енді-енді құрыла бастаған ювеналдық әділет моделі әдеттегі жалпы қылмыстық әділет көрінісіне айналып кетті.
Ювеналдық әділет – кәмелетке толмағандарға қатысты мамандандырылған әділет жүйесін білдіретін халықаралық термин. Ювеналдық соттар әр түрлі модификацияларда жүздеген жылдар бойы әлемнің Италии, Жапония, Польша, Франция, АҚШ және басқа да көптеген елдерінде қолданылып келеді. Ресейде қазіргі таңда ювеналдық әділет дегенді негізінен құқық бұзушы кәмелетке толмағандарды қорғау деп түсінеді. Баланың өмір үшін маңызды жанұялық құқықтарын қорғау ювеналдық соттарда қаралатын мәселелер қатарына жатпайды. Бұл ретте айта кетерлік жайт, баланың өмірі мен отбасындағы тәрбиесіне қатысты құқықтарға көбірек көңіл бөлінетін болса, кәмелетке толмағандар арасындағы көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге болар еді.
Сот реформасын жүргізу және ювеналдық әділетті енгізу нысанын таңдау жөніндегі ғалымдардың пікірлері бір-бірімен мүлдем қиыспайды. Бірқатар ғалымдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жекелеген мамандандырылған соттарды бөлек жүргізуді ұсынса, екіншілері кәмелетке толмағандардың істерін ерекше тәртіппен, ешқандай арнайы сот құрмай қарауды жақтайды.
Отбасылық сот құру идеясы қамқорлыққа, бақылауға, қорғауға зәру құқық бұзушы жасөспірімге қатысты барлық мәселелерді шешу міндетін белгілі бір сот органының міндетіне жүктеу қажеттігін көрсетеді. Бұл орган жасөспірім жасаған құқық бұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылыққа байланысты (қамқорлық, қорғаншылық, ата-аналарға қолданылатын санкциялар, мүлік туралы даулар, т.б.) қатысты сот процесінде туындайтын барлық құқық бұзушылықтарды қарайтын болады.
Ресейде ювеналдық әділетті қайта құру жөніндегі ұсынылған жобаларда кәмелетке толмағандарға арналған сот кәмелетке толмаған жасөспірімге жаза қолданбау және оған әсер етудің өзге де түрлеріне қатысты көптеген мәселелерді шеше алмайтындығы атап көрсетілген. Сондықтан оның құзырына отбасы туралы заңнамада қарастырылған баланың құқықтарын қадағалауға қатысты мәселелерді енгізудің тікелей мәні болмақ.
Мысал ретінде Гаага мамандандырылған балалар сот департаментін (Нидерланд) келтіруге болады, онда қамқоршы тағайындау, балаларды мамандандырылған мекемелерге орналастыру туралы істерді, қылмыстық істерді, ажырастыру процестерін қарайды, олардан бұрын кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға байланысты шешімдердің орындалуы мен пәрменділігіне судьяларды дайындайды.
Құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау барысында судья жасөспірімді қайта тәрбиелеу шаралары, оны бақылауға алу, сондай-ақ қамқорлық, ішкі қайшылықтарды еңсеруде және баламен қарым-қатынас орнатуда көмек беретін супервайзер (байқаушы) тағайындау мәселелерін және Нидерланд аумағында заңсыз жүрген құқық бұзушыларды депортациялау мәселелерін де шешуге өкілетті болады. Барлық дәйектемелер мен идеялар баламен бірге, ал кейбір жағдайларда оның ата-анасымен немесе қамқоршысымен талқыланады. Бұл процестегі ахуал Ресей жағдайындағы сот процесімен салыстырғанда сенімге негізделген сұхбатқа көбірек ұқсайды. Бір судьяның өзіне жақсы таныс бала мен оның проблемаларын, әрі қылмыстық, әрі отбасылық құқық мәселелерін қарауы сот қабылдаған шешімдердің тиімділігін айтарлықтай арттыра түседі. Өкінішке қарай, Ресейде бұл мәселелерді әртүрлі судьялар қарайды. Егер кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жүйесін реформалау қажеттілігі жалпыға таныс жайт болса, баланың отбасылық құқықтарын қорғау тәртібі мен тәсілдерін реформалау проблемасы әлі шешілмеген күйінде қалуда. Балалар департаментіндегі жұмысқа рұқсат алу үшін алдымен голландиялық судьялар біршама жұмыс тәжірибесін жинап, арнайы даярлықтан өтулері тиіс. Балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты істерді жүргізетін ресейлік судьялардың да арнайы даярлықтан міндетті түрде өткізуді бізде де қолдау керек шығар. Бұл даярлықта балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жүргізілетін істердің психологиялық негіздері қамтылуы тиіс.
Талқылауға арналған 2-ші мәселе
Төменде келтірілген үш заңдық ұғымның қайсысын ювеналдық әділетке жатқызуға болады?
Адам құқықтары –дара адамның өз қалауымен әрекет ету мүмкіндігін беретін (құқықтардың бұл бөлігі бостандықтар деп аталады) немесе белгілі бір игіліктерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін адам мен мемлекет арасындағы қатынастар нормалары, қағидаттары (бұл жалпы құқықтар).
Адамның мемлекетке, оның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салалардағы мүмкіндіктері мен талап-тілектеріне қатысты құқықтық мәртебесін сипаттайтын ұғым.
Адамның қоғам мен мемлекеттегі орнын көрсететін, адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, құқықтық салалардағы мүмкіндіктерін сипаттайтын ұғым демократиялық қоғамның дамуының басты көрсеткіші болып табылады.
Құқық –барлық қоғам шеңберіндегі қоғамдық қатынастарды заңмен регламенттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалатын жалпыға міндетті әлеуметтік нормалар жүйесі; мемлекет пен заңнан жоғары тұратын, қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру формасы ретінде мемлекеттің әділ тәртібін қоритын императив; әлеуметтік реттеуіштердің тиісті заңнамалық формада берілуі мүмкін немесе ондай формада берілмеуі мүмкін жиынтығы.
Қоғамдағы қатынастарды реттейтін айрықша нормативтік жүйе.
Адам бостандығының шегін көрсететін және мемлекеттің қызметімен қамтамасыз етілетін адам мінез-құлқының реттеуіші.
Мемлекет белгілеген немесе санкциялаған және қоғамның ұйымдасуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер үшін жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі.
Билік басында тұрған саяси күштердің ырқын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, даралық сипат берілмеген, формалды түрде анықталған, мемлекет белгілеген және қорғайтын мінез-құлық ережелерінің жүйесі.
Түпкі идея бойынша жеке бостандық пен ортақ игіліктердің тепе-теңдігі болып табылады.
Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша ҚК-де жазалау қатерімен тыйым салынған, айыптылықпен жасалған қауіпті іс-әрекет.
Қылмыстық құқықтың бұзылуы.
Теріс қылық және күнә; заңсыздық, қастық; заңға қайшы іс-әрекет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?