Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Құқық негіздері. 11-сынып.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқық және мемлекет

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

Сабақ мақсаты

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін анықтау ,

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттармен берілген мысалдарды талдап, шеше алады.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлеріне сәйкес білу, түсіну, білімін қолдану, жинақтау, бағалау дағдылары бағаланады.

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін анықтайды,

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттармен берілген мысалдарды талдап, шеше алады.

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік біліктілікті дамыту:

Тыңдалым – мұғалімді, сыныптастарының жауаптарын тыңдау арқылы;

Оқылым – мәтіндерді оқу және тақырыптағы негізгі концептіге сәйкес талдау барысында;

Айтылым – топтық талқылау, мұғалімнің және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап беру барысында жүзеге асады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ювеналды юстиция, жасөспірім, құқықтық жауапкершілік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Ювеналды юстиция, жасөспірім, құқықтық жауапкершілік, жауапкершілктің туындауы

Бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, себебі...

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Әділеттілік, адамгершілік, ізгілік құндылықтарын оқушы бойына дарыту сабақ мазмұны арқылы іске асырылады. Жаһандық азаматтыққа тәрбиеленеді.

Топтық/жұптық тапсырманы бірлесіп орындау арқылы ынтымақтастыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.

Пәнаралық

байланыстар

Мазмұны бойынша қолданылған материалдар арқылы барлық гуманитарлық пәндермен байланысты.

ІТ қолдану

дағдылары

Ақпарат іздеуде арнайы сайттардан алынған материалдарға сілтеме көрсетуі, Ғаламтор сайттарынан алған ақпаратты сараптау, жинақтау.

Бастапқы білім

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және сот жүйесі туралы Адам.Қоғам. Құқық пәнінде алған білімдерін қолдана алады.

Дифференциация

Сабақтың әрбір кезеңінде жабық дифференциация бар. Дифферинциация тапсырма, әрбір оқушыға жеке көмек беруде, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды таңдап алу арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ – жаңа білімді игеру және тақырыпты бекіту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4-5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

(Б) Бастапқы стимул. Диалог.

  • Ювенальды юстиция деген не?
  • Қазақстандағы ювеналды юстиция туралы не білесіңдер?
  • Қазақстандағы ювеналды юстицияның маңыздылығы неде?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.

(болжамдарын тыңдау, әңгімелесу)

Зерттеу сұрағы: 1. Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция.

2.Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстицияның қалыптасу және даму мәселелері

Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың ортасы жалпы

39-40 минут

(М) Қысқаша шолу. Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция туралы жалпылама мәлімет беру.

Ювеналды юстиция (лат. Juven? Lis - ювеналды; лат. J? Stitia - сот төрелігі) - кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар жағдайында сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесінің батыстық моделінің құқықтық негізі.

Қазіргі уақытта «ювеналды юстиция » ұғымының келесі анықтамалары көп кездеседі:

1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалынған және қылмыстық жауаптылық жасына жеткен істер бойынша арнайы сот ісін жүргізу жүйесі;

2) жасына және құқық бұзушылық санатына қарамастан, құқық бұзушылықтың субьектісі ретінде балаға қатысты нормалар мен мекемелер жүйесі;

3) тек тиісті заңнаманы ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат ететін мемлекеттік және басқа органдар мен ұйымдардың кешенін қамтитын жүйе; ювеналды әділет; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарына жауап.

Зерттеу мен талдау

/Ж) 1-тапсырма.

Әлем тарихындағы ювеналды юстицияның шығу тарихына шолу жасап, тиімділігі туралы ментальды карта жасайды.

(Т/Ж) 2-тапсырма.

2.Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстицияның қалыптасу және даму мәселелері,маңыздылығы туралы ақпараттардан қазіргі елдегі ювеналды юстицияның жағдайымен оқып біліп танысып жағдаяттарды шешеді.

1. Он бес жасар сотталушының қорғаушысы Шевченко осыған байланысты прокурорға шағым түсірді Оның айтуынша айыпталушыдан жауап алуға тек мұғалім қатысып, психолог қатыспады

Қорғаушының шағымы қаншалықты негізделген?

2. Талғат (25 жаста) пен Жанна (16 жаста)

Үйленеміз деп шешті. Өтініш берген АХАЖ қызметкерлері үйленуге ниет білдірген, кәмелетке толмаған Жанна Талғат пен адам

некеге тұру үшін ата-анасының келісімін алу керек екендігі айтылды. Бірақ Талғат пен Жанна

бір жыл бірге тұрғанына сілтеме жасай отырып, оған қарсы шықты.

АХАЖ қызметкерлерінің іс-әрекеті дұрыс па?

3. «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

Бұл жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың білу, түсіну, талдау, білімін қолдану дағдыларын дамиды .

(Ф) Критерийлерге сәйкес өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады.

Сабақтың соңы. Қорытынды бөлім.

3-4 минут

Рефлексия. Диалог. Тақырып сұрағына, мақсаттарына оралып, сабақта алған білімдері арқылы зерттеу сұрағына жауап беруін сұрау.

Жалпы сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсатына сай, оқушылардың прогресін өздеріне бағалату. Жекелеген тапсырмалар бойынша кездескен қиыншылықтары мен жетістіктерін атап өтуге жағдай жасау. Қиындықтарды жеңу үшін қажетті кеңестер беру.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға дерек көздері арқылы өз бетімен

анықтау және кейбір оқушыларға арнайы берілген құжаттар ұсыну жоспарланады.

Қабілеті жоғары оқушыларға талдау жасау үшін «эксперт» ролі ұсынуға болады.

Тақырып бойынша білімін бағалау (диагностика) сабақтың кіріспе бөліміндегі әңгімелесу кезінде іске асырылады. Қалыптастырушы бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізіледі. Тапсырманың орындалуын оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды

Парталарды топтық жұмысқа ыңғайлы етіп орналастыру.

Ноутбуктерді зарядталып дайын тұруын ұйымдастыру.

Қоңырау уақытында кабинеттің ауасын желдетіп тазартып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты белгілер:

М – мұғалім

Д - дербес/дара

Ж- жұппен

Т – топпен

Ф – қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?