Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 2.
«Медиация туралы» ҚР Заңының қолданылуы жөнінде
«Медиация» термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сəйкестендірсек, медиатор екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мəмілеге келтіріп тең шешетін ара ағайын (орысша – посредник). Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңы сот жүйесінде дауды шешудің бір тəсілін көрсетеді. Бұл заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілін, тəртібін анықтайды. Жоғарыда айтылған «Медиация туралы» Заңына сəйкес медиацияның негізгі ұғымдарына тоқталсақ: Дауды реттеу келісім - тараптардың медиация нəтижесінде қол жеткізген жазбаша келісімі.
Медиатор - осы Заң талаптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тарататын тəуелсіз жеке тұлға. Медиация - тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тəсілі. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) - медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында, сондай- ақ, олардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым. Медиаторлар ұйымы - медиаторлардың ҚР заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың ерікті негізде бірігу үшін құрылатын коммерциалық емес ұйымдар. Медиацияға қатысушылар - медиатор жəне медиация тараптары жəне т.б. Медиацияның қолданылу саласы Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне т.б. құқықтық қатынастар туындайтын, онша ауыр емес жəне ауырылығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолдану саласы болып табылады. Айта кететін бір жағдай, медиация рəсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың жəне сот əрекет қабілетсіз деп таныған адамдардың мүддесін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын азаматтық істерде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық істер бойынша медиация рəсімі қолданылмайды. Медиацияның мақсаты дауды шешудің екі тараптың да қанағаттануына қол жеткізу, тараптардың дауласу деңгейін төмендету болып табылады. Медиацияны жүргізу қағидаттары мыналар болып табылады: 1) еріктілік; 2) медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптылығы; 3) медиация рəсіміне араласуға жол бермеушілік; 4) құпиялық. Медиацияны жүргізу осы Заң талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тəртіп бойынша жүргізіледі. Жоғарыдағы көрсетілген жағдайды ескерсек, яғни «Медиация» азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы даулы жағдайды азайтып, шешімнің ерікті түрде орындалу деңгейін көтеруге орасан зор етеді деген сенімдеміз.
Сонымен медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Заңмәтіні 2011 жылыақпанайыныңбасында «ЕгеменҚазақстан» және « Казахстанская правда» газеттерінде басылды, қолданысқа алты айдан кейін, 2011 жылдың тамыз айында енгізілді. Медиация термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сәйкестендірсек, медиатор – екіжаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешетін ара ағайын, орысша – посредник.
«Медиация туралы» заңның 1-бабында оның қолданылу аясы белгіленген. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау-шарлар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғни, ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қолданылады. Ал, қылмыстық істер, егер олар аса ауыр болмаса, сотта қаралуға жатпаса, оларды да медиаторлардың қарауына беруге болады.
Осылардың бәрі бола тұрып медиация рәсімі қолданылмайтын жағдайларға келсек, олар төмендегідей: Біріншіден, дауда дауласушыға жатпайтын үшінші тұлғалардың мүддесі қозғалса, сондай-ақ, сот шешімі мен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделі қатысы болса; екіншіден, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса. Сыбайлас жемқорлық қылмыс пен мемлекеттік қызмет туралы заңдар бұзылған жағдайда медиация рәсімі қолданылмайды. Медиация туралы не бары 28 баптан тұратын осы заңның тиімді жақтары аса көпе кенін көпшілік түсіне алмай жатыр. Мәселен, жоғарыдағыдай бір дауды сот судьялар ықраса, адамдар заңның қатаңау қымына түседі, заңдылықтарға сәйкес, жауапкерге заңның бабы көрсетілі пайып тағылады. Адам кәдуілгідей сотты болады. Жауапкер де, талапкер де өздерін қорғау немесе адалдығын дәлелдеу үшін айғақтар мен құжаттар жинауға көшеді. Қажет болса, қорғаушы (адвокат) жалдауға, мемлекеттік баж салығын төлеуге мәжбүр болады. Ал, медиация рәсімінде мұның бірі талап етілмейді, заңның баптары да қолданылмайды. Медиацияны жүргізу рәсімі осы заңның аясында, тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізеді. Тараптардың өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу уақыты мен орыны анықталады. Медиацияны жүргізу медиатор мен тараптардың тек өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
Кім медиатор бола алады деген сұраққа келсек, «Медиация туралы» Заңда толық жауап берілген. Айта кететін бір жайт – медиатор қызметін кәсіби негізде атқаратын кәсіпқой медиатор және кәсіби емес негізде атқаратын қоғамдық медиатор бар. Ауылдық жерлер де кәсіби медиаторлар жоқ болғандықтан, медиацияны қоғамдық медиаторлар жасайды. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған тұлғалар медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Медиатордың заң оқуын бітіруі шарт емес. Ол тәуелсіз, бейтарап және істің қандай да бір жақ үшін пайдалы нәтижесіне мүдделі емес. Ол медиацияны екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге және рәсімдерге тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлбетте, кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін (реестрін) ауыл, кент округтерінің әкімдері жүргізеді және оларға өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар адамдар тартылады. Медиатор мемлекеттік қызметте (немесе соған теңестірілген жұмыста) істемеуі керек, өтелмеген не алынбаған соттылығы болмауы тиіс. Егер, оған қатысты қылмыстық қудалау басталса, медиатор тізімнен шығарылады. Медиация рәсімі азаматтық даулар бойынша шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда, тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін. Азаматтар дауын сотқа беріп қойған соң, қайтып алуға болмайды деп ойлайды. Медиацияның ерекшелігі сол, бәлкім ыңғайлылығы да болар – дауды соттың қарауында жатқанда да сұратып алып, медиаторлар шешіміне ұсынуға болады. Бұл өзі – бәленшекеңдер бірімен-бірі соттасып жатыр деген жаман атақтан құтқаратын жол. Іс медиация рәсіміне берілген де, сот іс жүргізуді тоқтата тұрады. Медиация нәтижесінде мәмілеге қол жеткізілсе, дауды реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады, екі жақ қол қояды. Даушарды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде, келісімде көзделген тәртіппен және тағайындалған мерзімде орындауға тиіс. Келісім орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарабы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Дауды реттеу туралы қол қойылған екі жақты келісім тез арада осы азаматтық іс жатқан сотқа жіберіледі.
Кәсіп қой емес медиатор істі тегін қарайды. Медиацияға қатысушы дауласушы тараптар оның медиация жүргізуге кететін шығындарын бірлесіп көтереді. Медиаторға сыйақы төлеу қарастырылуы мүмкін. Медиация нәтижесіз аяқталса, дауды бұл жол мен шешуге болмайтын себептер көрсетіліп, жазбаша хабарлама жасалады және оның бір данасы азаматтық (қылмыстық) іс жатқан сотқа жолданады. Медиацияны нәтижесіз тоқтату тараптардың біреуі одан жазбаша бас тартқан жағдайда да жасалады. Медиация туралы заңның 3 бабына сәйкес оның мақсаттары дауды сотқа жеткізбей қарау, дауды шешудің екі тараптыда қанағаттандыратын жолын табу, тіпті болмаса, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болыптабылады. Сонымен, медиаторлардың міндеті – дауласушыларды келістіру, мүмкін болса, татуластыру, істі сотқа қаратпайақ тындыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?