Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Осы суреттерден нені пайымдауға болады?

Олардың арасында не ортақ?

Сабақ тақырыбы:

Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты

Сабақтың мақсаты:

11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;

11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Азаматтық құқықазаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

тараптардың теңдігі;

шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

еркіндік;

тәуелсіздік;

меншікке қолсұқпаушылық;

біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

1- Топ тапсырмасы

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң

1-бап. Азамат және мемлекет

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі

Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді.Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.

2- Топ тапсырмасы

16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары

Қазақстан Республикасының азаматтығына:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

3- Топ тапсырмасы

19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады

Сөйлемді аяқта «Тоғысқан пікір» әдісі бойынша әр оқушының жеке жазба жұмысын орындау

1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған адамдар...................

2.Ата-анасының азаматтығы әртүрлі, бала туған кезде..............

3.Баланың анасы азаматтығы жоқ адам, ал әкесі-Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және әке болуды анықтаған жағдайда 14 жасқа толмаған бала........

4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға тек қана жол беріледі..............

5.Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол ...............міндетті

«Тоғысқан пікірталас» әдісі

1. Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне өтінішхат беруі тиіс

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Үйге тапсырма

«Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» 100-150 сөз эссе жазу «Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды» жоспары бойынша жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?