Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет. Құқық негіздері. 11 сынып, сабақ жоспары.


Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Мемлекет және құқық:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру.

 Сабақ мақсаттары

ҚР саяси құқықтық актілерді, концепцияларды басшылыққа ала отырып, құқықтық мемлекеттің принциптерінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын түсіндіру.

 Құндылықтар

Жауапкершілік

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Саяси құқықтық акті дегеніміз ... (айтылым дағдысы)
  • Құқықтық мемлекетің принциптерінің сақталуы үшін… (айтылым ,жазылым дағдысы)

Меніңше, құқықтық саясат концепциясы ... білдіреді.

Құқықтық мемлекет дегеніміз ...

Пәнаралық байланыстар

10-сыныпта Құқық пәнінен және алдыңғы тақырыптардағы алған білімдерін пайдалану.

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа сай бейнебаян және интернет ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың

соңы

Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға ой түрткі жасау, ой қозғау және шығармашылық идеяларға қарай бағыттау. Ол үшін бірнеше сұрақтар беру:

  • Құқықтық мемлекет дегеніміз не? 2-3 мысал келтіріңдер.
  • Құқықтық мемлекетте қандай принциптерді басшылыққа алады?

Оқушыларға «Құқықтық мемлекет»- сөзіне ассоциациялық карта жасату. Алған түсініктерін тереңдету мақсатында теориялық материалдарды пайдалану арқылы дамыту.

Толықтырушы сұрақтар арқылы диалог құра отырып түсінгендеріне көз жеткізген соң, бүгінгі тақырып пен оқу мақсаттары таныстырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабын басшылыққа ала отырып  құқықты мемлекет - бұл  адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы екендігне көз жеткізу.

1-бап.

1.Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,оның қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары.

Оқушыларға бапты қарастыру барысында Конституцияның қағидалары мен нормалары құқықтық жүйеде алдыңғы орында болатындығын,сонымен қатар Конституция мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде өзімен бірге барлық заңнаманы біріктіретіндігін жəне республиканың саяси жүйесін реттеудің құқықтық ұйымдастыру ісінде басты бағдар ретінде қызмет атқаратындығына көз жеткізу.

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады

 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Тақырыпқа байланысты анықтамалар мен ұғымдырды беру арқылы өздік түзетулер жасатқызып құқықтық академиялық ұғым мен термин сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру.

Мағынаны ашу.

(О/Б).Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін үлестіріледі. (Қысқартылған өңделген түрі.) Одан мәтіннен Қазақстан Республикасының саяси құқықтық актілері мен концепцияларды басшылыққа ала отырып, құқықтық мемлекеттің принциптерінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын мәтін арқылы түсіндіріп көз жеткізу. Барлығы түсінікті болу үшін бірнеше түрткі болатын сұрақтар қою:

  • Мемлекеттің саяси құқықтық актілеріне нелер жатады?
  • Құқықтық мемлекеттің принциптері ұалай жүзеге асырылады?
  • Әліде болса анығырақ айтып жіберсең?
  • Кім осы ойды толықтырып жібереді?(т.б.)
  • Термин сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты жұмыстар жүргізу .Сөздерді анық,сөйлемдерді толық айтуларын қадағалау.

Сонымен ҚР. қоғамының саяси құқықтық актілері мен тұжырымдамасын (концепциясы ) анық ажыратып алайық:

  • ҚР. Саяси құқықтық актілер дегеніміз не?

(мысал келтіру)

  • Саяси құқықтық тұжырымдама не үшін маңызды? т.б.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын оқып талдау.

  • Тұжырымдамада басты назар неге аударылған?
  • Тұжырымдаманың негізгі көздеген мақсаты не?
  • Еліміздің дамуының қандай салаларына әсер етеді?

Талдау жүргізуге болады: «Қоғам құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды.»

Тапсырманы орындата отырып оқушылардың саяси құқықтық актілер жайлы қандай білім дағдыларының қалыптасқандығын қарастыру.

Эссе жазу.(сөз саны)

«Құқықтық мемлекеттің негізі-құқықтық сауаттылық мәселесі».

Бағалау дескрипторы:

1.Тақырыпқа сай білім мен түсініктің болуы.

2.Талдаудың анықтылығы.

3.Тақырыпқа қатысты термин сөздердің орынды қолданылуы.

4.Сөз санының жеткіліктілігі.

Кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www. akorda.kz/kz

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480

https://alashainasy.kz/kukytyk_reforma/kukyiktyik-sayasat-tujyiryimdamasyi--memlekettn-turaktyi-damuyinyin-algyishartyi-110091/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?