Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі.Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Құқық негіздері. 11 сынып.1 тоқсан. Жобалық-зерттеу жұмысы

Сабақ тақырыбы:

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі

Сабақ мақсаты:

Тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмысын жасаудың кезеңдері, әдіс-тәсілдерін, рәсімдеу ережелерін білу, зерттеудің оқу процесіндегі маңызды ролін түсіну.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесінің қандай ерекшеліктері зерттеуді қажет етеді?

Ұсынылған тақырыптарды талқылау:

 ҚР құқық жүйесінде сот қызметінің перспективасы;

 ҚР құқықтық жүйесінде адвокат қызметі қаншалықты маңызды?;

 ҚР құқықтық жүйесіндегі тергеуші (прокурор) қызметінің ролі қандай?

 ҚР құқықтық жүйесіндегі Конституциялық кеңестің ролі қандай?

Дескрипторлары:

Білімдерін қолданып, құқық саласының бірнеше өзгерістерін анықтап, фактілер келтіреді;

Деректерді оқып және білімін қолданып құқық саласының бірнеше өзгерістерін анықтап, фактілер келтіреді;

Құқық саласының өзгерістері туралы талдауы бойынша ой-тұжырым жасайды.

(Д/Ж) 1-тапсырма.

Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау:

1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

Зерттеу жоба жұмысын жазудың кезеңдері (үлгі ретінде)

1. Проблеманы өзектендіру (проблеманы табу және болашақ жобаның бағытын белгілеу);

2. Зерттеу тақырыбын таңдау және саласын белгілеу (зерттеу шекараларын белгілеу);

3. Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар болуы мүмкін емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін);

4. Зерттеу әдістемесін таңдау;

5. Ақпаратты жинау және өңдеу;

6. Зерттеуді жүргізу;

7. Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер мен тәсілдерді пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау);

8. Шешімдер. Есеп дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама дайындау және т.б.);

9. Көптің алдында таныстыру (құрбыларыңның, ересектердің алдында қорғау, сұрақтарға жауап беру);

10. Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия.

Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы техникалық ережесі

Мәтін компьютерде терілу керек.

Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.

әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

абзац болу керек;

жол арақашықтығы- бірқатарлы;

кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

Рефлексия

Өз прогрессіңді бағала

Қолданылған ресурстар:

1. Республикалық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру мен өткізу ережелерінің талаптарынан ықшамдалып алынды.

2. Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні бойынша курстық жұмысты жазу нұсқаулығы, ПӨО., 2017.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?