Заң шығару жүйесі. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Заңнама жүйесі

Мақсаты:

- нормативтік - құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;

- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және күшіне енгізу үрдісін зерттеу, зерттеу

Бағалау критерийлері:

оқушылар нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жалпы және әр түрлі ерекшеліктерін белгілейді;

- оқушылар ҚР заң шығару процесін зерттейді және постерде схемалық түрде көрсетеді.

Аңызды талқылау:

"Бір күні Конфуций таудың жанынан кетіп бара жатты. Қабірдің үстінде дауыстап жылаған әйелді көрді. Конфуций оның жылағанын біраз уақыт тыңдап түрды. Содан кейін әйелге өз оқушысын жіберді, мынадай сұрақ қойды: «Қатты қайғыға түскеніңізге қарағанда, бұл Сізде бірінші қайғы емес сияқты?». Ия, ол солай. Бір кездері жолбарыстың тырнағынан менің қайын әкем, біраз уақыттан соң дәл солай күйеуім қайтыс болды Ал енді менің ұлым дүние салды. «Онда бұл орындардан неге кетпейсіз?» - деп, Конфуций сұрады. Мұнда қатал билік жоқ, - деп жауап берді әйел.

("Кун-цзы" (551-479 жж.) – ежелгі қытай ойшылы).

Бұл әңгімеден қандай қорытынды жасады?

Бүгін не туралы әңгіме болады?

1-ші тапсырма. Жұптық жұмыс.

Оқушылар Венн диаграммасының көмегімен нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілер арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.

Дескриптор:

1. Оқушылар нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жалпы ерекшеліктерін белгілейді;

2. Оқушылар нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің ерекшеліктерін белгілейді.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар ҚР заң шығару процесін зерттейді және постерде схемалық түрде көрсетеді.

1-топ: заңнамалық бастама

2-топ: Парламенттің заңдар қабылдау жөніндегі құзыреті

3 топ. Республика Парламентінің заң актілерінің жобаларын қарау кезектілігі мен мерзімдерін айқындау

4-топ: заңдарды қабылдау

5-топ: республика заңдарын Республика Президентіне қол қоюға ұсыну

6-топ: Республика Президентінің қарсылықтарын Республика Парламентінің қарауы.

Дескриптор:

1. Оқушылар заң шығару процесінің негізгі ұғымдарын анықтайды;

2. Оқушылар ҚР-дағы заң шығару процесін схемалық түрде көрсетеді

Үй тапсырмасы.

Іскерлік ойын:

ҚР Парламентінің отырысын өткізу, ол 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін қысқы каникулды бір айға көбейту туралы заңды қабылдау туралы мәселені қарастырады, яғни ойынды рөлдерді бөле отырып құрастыру қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?