Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
№1
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.
ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.
Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
№2
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.
Мақсаты
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
- бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
- халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
№3
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот (Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот жазған , Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық ағылшын соты, Еуропаның еуропалық кодексі) халықаралық сот органы болып табылады, оның юрисдикциясы барлық мүше мемлекеттерге таралады. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы еуропалық конвенцияны ратификациялаған Еуропа Кеңесі және мемлекетаралық істер мен жеке шағымдарды қамтитын конвенцияны түсіндіруге және қолдануға қатысты мәселелерді қамтиды.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соты. - Беларусь Республикасын қоспағанда, Түркия мен Ресейді қоса алғанда, Еуропа елдерінің барлық сот жүйелері үшін жоғары сот органы; тек 47 мемлекетке қатысты барлық мәселелерді қамтиды.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың өкілеттіктері:
адам құқықтарының бұзылуын мойындайды;
құрбандарға сыйақы беру;
сотталушыны Еуропалық соттың түпкілікті шешімін орындамау туралы тану;
кеңес беру туралы пікірлер;
жауап берушіге адам құқықтарын бұзуды болдырмау үшін белгілі бір шаралар қабылдауға бұйрық беріп, осы шаралардың сипатын көрсетеді.
№4
ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры, — БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші дүние жүзілік соғыс тауқыметін тартқан Еуропа балаларына көмек қоры. 1946 ж. 11 желтоқсанда 2-дүниежүзілік соғыстан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш “Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор” деп аталды. 1953 ж. Бас Ассамблеяның шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді. БҰҰ Балалар қоры тек соғыс зардабына ұшырағандар ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да қол ұшын береді. Қордың басқарушы органы — Басқармасы 3 жылға сайланады. Қор Хатшылығын БҰҰ-ның Бас хатшысы тағайындайтын атқарушы-директор басқарады. Қазіргі кезде БҰҰ Балалар қорына 50-ден аса мемл. мүше. Штаб-пәтері — Нью-Йоркте. 1994 ж. Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдігі құрылды. 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен бірлесіп, әлеум. және экон. қайта құру жағдайында балалар мен аналарды қорғаудың 5 жылдық бағдарламасын жасады. Бұл кешенді бағдарламаның негізгі бағыттары — ана мен бала денсаулығын сақтау, бастауыш білім беру ісін жетілдіру, экологиялық-санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын қорғау шараларын жүзеге асыру. Қор Қазақстанда “Арал теңізі: региондық және техникалық көмек жобасы” атты кешенді шараларды ұйымдастырып, аймақ тұрғындарына көмектесу мақсатында жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ БҰҰ Балалар қоры дәрі-дәрмекпен, мед. құрал-жабдықтармен және мектепті негізгі керек-жарақтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету ісінде көптеген қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады.[1] 1965 ж. қорға балалар үшін жүргізген қызметіне орай Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. Негізгі мақсаты: ана мен баланың денсаулығын қорғау, тамақтандыру, сумен жабдықтау, санитария, білім беру, балалардың мүдделерін қорғау. Қор тек қана ерікті қайырымдылық есебінен жұмыс жасайды. Мұндай қайырымдылықтың басым бөлігі үкіметтерден, қалған қаражат жеке тұлғалар мен компаниялардан түседі. ЮНИСЕФ әлемнің 100-ден астам елінің балаларына көмек көрсетеді. БҰҰ-ның балалар қоры мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы негізгі келісімге 1994 ж. 25 қарашада қол қойылды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Үкіметімен бірлесіп жасасқан ең үлкен ұлттық жобасы – АСПЕРА – “Арал теңізі: аймақтық және экологиялық көмек”. Мұнда Қызылорда облысының Арал өңіріндегі аудандарының аталмыш мәселелерін шешуге көмек көрсету көзделді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?