Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.

Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.Әкімшілік процестің қағидалары.

Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:1) заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу. Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.

2) Материалды объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.

3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;4) Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;6) Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.7) Процестің ешқандай шығынсыз жүру қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;

8) Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік  юрисдикциялық өндіріс:  негізгі белгілері қағидалары,құрылымы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады. Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидаларға жататындар:  әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және мүдделерінің басымдығы;  құқық субъектілігін мойындау қағидасы;  материалды (объективті) шындық қағидасы;  заң алдында барлығының теңдігі;  кінәсіздік презумпциясы;  кінәлілік қағидасы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын субъектілерді бөлек атап көрсеткен жөн. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын тұлғалар:  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам;  жәбірленуші;  жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері;  қорғаушы;  жәбірленушінің өкілі;  куә;  куәгер;  маман; сарапшы аудармашы;  прокурор.

2сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады:  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау;  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау;  ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:  уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;  құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;  жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қозғау үшін негіздеме болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. ӘҚБтК-тің 246, 247, 461-487 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін. Судья , алқалы орган мүшесі, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу кезінде мына мәселелерді:  бұл істі қарау өзінің құзыретіне жататынын;  бұл істі судьяның, алқалы орган мүшесінің, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың болуын;  ӘҚБтК-те көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс рәсімделгенін;  Іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуын;  өтініштердің жеке бас тартудың болуын; ӘҚБтК-тің 584-588 баптарында аталған адамдарға іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады:  әкімшілік жаза қолдану туралы;  іс жүргізуді қысқарту туралы;  істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауна беру туралы, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 642-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралы (кеме, соның ішінде шағын көлемді кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;  айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ӘҚБтК-ке сәйкес аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады. Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер ьбойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін.

3сұрақ. Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады:  әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;  әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы;  әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы;  ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы;  әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі;  әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы;  іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-тің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-те көзделген тәртіппен, ӘҚБтК-тің 67-68 баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына байланыста материал прокурорға алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда қысқартылуы мүмкін. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР-ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Бақылау сұрақтары:  Әкімшілік  юрисдикциялық өндірістің   негізгі белгілері мен қағидалары қандай?  Кімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысады? Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары қандай?  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қандай фактілер негіздеме болады?  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) қандай  қаулыларды  шығарады?  Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар қандай?

Глоссарий:  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам;  жәбірленуші;  жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері;  қорғаушы;  жәбірленушінің өкілі;  куә;  куәгер;  маман;  сарапшы;  аудармашы;  прокурор



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?