Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Процессуалдық құқықтың негіздері. Бөлімше: Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері

Мектеп: ФМБ НЗМ, Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің Аты-жөні: Кульбаев А.К.

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.1 әкімшілік іс жүргізу ұғымын, оның міндеттерін мен қағидаларын түсіндіру

10.4.3.2 әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды

Сабақ мақсаты

  • әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілей тұра, әкімшілік процесс ұғымын, міндеттерін және қағидаларын ашу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Білу және түсіну: «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері» ұғымдарын түсіндіреді

Қолдану: әкімшілік іс жүргізу міндеттерін мен қағидаларын түсіндіреді де әкімшілік іс жүргізу түрлерін мысалға келтіреді

Талдау әрі бағалау: әкімшілік іс жүргізу түрлері бойынша мысалдарға талдау әрі бағалау жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • «Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып әкімшілік іс жүргізу жүйесімен танысады (сөйлем және жазу дағдылары)
  • «Әкімшілік іс жүргізу үрідісінде қолданатын қағидалардың маңыздылығы неде?» тақырыбында эссе жазады (жазу дағдылары)

Пән лексикасы және терминология:

Әкімшілік процесс; әкімшілік іс жүргізудің объектілері мен субъектілері, әкімшілік сот өндірісі, әкімшілік іс жүргізудің ерекшіліктері. әкімшілік процессуалдық қызмет

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Әкімшілік іс жүргізу құқығы – бұл ...

Әкімшілік іс жүргізу мазмұнына жатады ...

Әкімшілік іс жүргізу қағидаттары мемлекеттік басқарудың (...) негізделеді

Әкімшілік іс жүргізу қағидаттары маңызды, себебі...

Құндылықтарды дарыту

  • жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
  • патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сана-сезімін қалыптастыру
  • ұлттық сана-сезім
  • төзімділік
  • бостандық

Пәнаралық байланыстар

Социология, қазақ және орыс тілдері

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақталар арқылы слайдтар көрсетеді

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сабақтарда әкімшілік құқығы ұғымымен және ҚР әкімшілік құқығына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық заңдарымен таныс

Сабақ барысы

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Сабақ басы

7 мин

Ұйымдастырушылық кезеңі: Мұғалімнің сәлемдесуі мен оқушыларды түгендеуі

«Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып, әкімшілік іс жүргізу жүйесімен таныстыру

  • Қандай суреттер бұл слайдта көрсетілген?
  • Осы суреттерді бүгіңгі өтетін жаңа сабақпен қалайша байланыстыруға болады?

Дескриптор:Оқушылар суреттерге қарап өз жауаптарын береді

№1. Тапсырма

- «Іс жүргізу» және «әкімшілік іс жүргізу» ұғымдарын қалайша түсінесіздер?

- Қалай ойласыздар, әкімшілік іс жүргізу қандай міндеттер атқарады?

Дескриптор:

- Оқушылар «әкімшілік іс жүргізу» ұғымына өз түсніктерін береді

- әкімшілік іс жүргізудің міндеттері мен қызметі туралы өз пайымдарын айтады

Нұрмашев Ү. Ө. Апахаев Н. Ж.

ҚР әкімшілік іс жүргізу құқығы. Оқулық.

Ахметов Р.И. Основные понятия термины административного права.Алматы; 1999;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілде

Сабақ ортасы

30 мин

№2. Тапсырма Сыныптық/Топтық жұмыс

- Видеоматериал және таратылым мәліметтер негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Әкімшілік процесс қандай түрде және формада көрініс табады?

- Әкімшілік процестің қандай кезеңдері бар?

Дескриптор:

- Оқушылар әкімшілік процестің формалары мен түрлерін белгілейді;

- Әкімшілік процестің кезеңдерін нақты белгілей алады

Құжаттар: Әкімшілік процес 2 формада көрініс табады:

1) әкімшілік іс жүргізу өндірісі

2) юрисдикциялық өндірісі

Әкімшілік іс жүргізу өндірістің/ процестің 6 кезеңдері белгіленеді:

1) Тәртіпке қатысты іс қозғау;

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру;

3) Тергеу ісін жүргізу;

4) Қарастыру;

5) Шағым беру (аппеляция);

6) Орындау

№3. Тапсырма Топтық/Жұптық жұмыс

1 топ – Әкімшілік процестің белгілері

2 топ – Заңдылықты сақтау қағидаты мен процесуалдық тендік қағидаты;

3 топматериалдық шындық қағидаты мен қолжетімділік қағидаты;

4 топ – шұғыл жасу (оперативтілік) қағидаты мен үнемділік қағидаты;

5 топжариялылық қағидаты мен ұлттық тіл қағидаты;

6 топдұрыс іс жүргізбегені үшін басқару органдардың және ондағы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

Дескриптор:

- Оқушылар әкімшілік процестің белгілерін анықтайды;

- әкімшілік процесс белгілерінің маңыздылығын ашады;

- әкімшілік процесс қағидаттарын нақты айтады;

- әкімшілік процесс қағидаттарына өз бағаларын береді.

Сабақтың нәтижесін талқылау.

Астана әкімшілік сотында 6 айдың ішінде 16 жарым мың іс қаралды

https://www.youtube.com/watch?v=H5Z0LIKoWJs

Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б. 

Қазақстан Республикасының кодексі әкімшілік құқық бұзушылық туралы [Текст] : - Алматы : Баспа, 2001. - 256б. с

Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы 2007 ж.

Сейдеш, Б. Б. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер: учебное пособие. - Алматы : Дәнекер, 2004. - 139 б

Конец урока

3 мин

Рефлексия. «Бекіту» әдісі

  • Мен көп жаңа мағлұмат алдым
  • Бұл менім өміріме қажет болуы мүмкін
  • Сабақта ойланатын нәрселер көп болды
  • Сабақ барысында барлық туындаған сұрақтарға жауап алдым
  • Сабақта мен адал жұмыс жасадым және сабқ мақсатына қол жеткіздім

Сабақты бағалау:

«Кері байланыс бар Сэндвич» немесе « мадақтау сэндвичы»

1 қабат – сабақта не үнағаны туралы позитивті комментарий жасау

2 қабат – нені жақсарту керек және қалай жақсарту керек туралы конструктивті сын-пікір айту,

3 қабат – Маған ұнады, бірақ келесі сабақта одан да күшті болады ...

болашаққа бағытталған позитивті комментарий

Үй жұмысы: «Әкімшілік іс жүргізу үрідісінде қолданатын қағидалардың маңыздылығы неде?» тақырыбында эссе жазу

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Әкімшілік процесс және іс жүргізудің түрлерін зерттеу барысында оқушылардың бойында отбасылық құндылықтар, өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Адамгершілік қасиеттеріне жүгіну қажетілігін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?