Қылмыстық процесс субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және

субъектісі мен субъективтік жағы

Жаңа сабақ жоспары:

  • Қылмыс объектісі
  • Қылмыстың объективтік жағы
  • Қылмыс субъектісі
  • Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс дегеніміз – қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрініс тапқан кінәлі және жазаланатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік болса, қылмыс құрамы сол әрекеттердің заңдағы белгілері – төрт элементтен тұрады:

Слайд-1“Қылмыс объектісі”

Қылмыстың заты

Бұл – қылмыс заттары

Енді рухани заттарға келсек

Мысалы, авторлық құқықты бұзып (ҚК 180 - бап) “әннің авторы менмін” деп басқа адам көп пайда көретін болса, ән қылмыс заты болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы бұл да қылмыс құрамының бір элементі.

Бір адам ұрлық жасауға бел байлап, ішінде кек сақтап жүр делік. Дәл осы сәтте оны жауапқа тартуға әлі ертерек, себебі санадағы ой әлі сыртта көрініс тапқан жоқ, демек, қылмыстың объективтік жағы деген элемент жеткіліксіз.

Қылмыстың объективтік жағы болса ол қылмыстың сыртқы, көзге көрінетін жағы. Әйтпесе, ойлаған ой жүзеге асырылмаса, қылмыс болып табылмайды.

Бірінші кезекте жүзеге асырылатыны, әрекет.

Слайд-2 Қылмыстың объективтік жағы

Қылмыстардың объективтік жағына

қарай ажыратылуы

ҰрлықТонауАлаяқтық

Бөтеннің мүлкінИесінің н/е басқаБөтеннің мүлкін

жасырын түрде алуадамдардың көзіншеалдау жолымен н/е

ашықтан-ашық сенімге қиянат

тартып алужасау арқылы

талан-тараждау

Слайд-3

Әрекет нысандары

Іс-әрекет Әрекетсіздік

Қылмыс жасау кезіндеЗаңда көрсетілген

субъектінің белсенді,жасалуға тиісті

саналы және ерікті қимылыәрекетті жасамау

Слайд-4

Саналы болатын себебі адам өзінің әрекетіне жауап бере

отырып жасау керек, олай болмаса, яғни есі дұрыс болмаса,

ол үшін жауапқа тартылмайды.

Ерікті болатын себебі еріксіз мәжбүрлеп жасалған әрекет

үшін де адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Әрекетсіздік те әрекет сияқты саналы мінез-құлық, бірақ ол

әрекет сияқты белсенді емес, керісінше әлсіз.

Қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет пен әрекетсіздік) пен қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс зардаптардың дәл осы әрекет арқылы туындағанын көрсетеді. Мысалы, бір жігіттің миына операция жасалып, бас сүйегінің бір бөлігі алынып, орнына ештеңе салынбай тек терісі ғана қалдырылған. Сол жігіт көшеде басқа бір бейтаныс жігітпен ерегісіп қалады. Оның басында ондай “жараның” бар екендігін білмеген бейтаныс жігіт шиеленіс үстінде жұдырықпен жеңіл соққы береді. Нәтижесінде алғашқы жігіт тіл қатпастан қайтыс болады. Бұл жерде себепті байланыс жоқ. Өйткені соққы берген жігіт жәбірленушінің басында “жарасы” бар екендігін білген жоқ. Әрекеттің екі себебі бар: алғашқысы – басына жасалған операция, екіншісі – басына тиген жұдырық. Ал соққы беруші тек соңғы (қосымша) себепке ғана өз үлесін қосып тұр. Егерде ол операция туралы білген болса және әдейі ұрса, онда екі себепке де өз үлесі мен қатысын қосқан болар еді де, себепті байланыс бар деп есептелер еді.

Слайд-5 Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы

Есі дұрыс адам болуы

тиіс, белгілі бір жастаБір күні кем емес 16-ға

болуы тиіс толған адам субъект бола алады

Қосымша белгілер:

“Азаматтық”: тек қана Қазақстан Республикасының азаматы жасай алатын қылмыстар бар: Отанға опасыздық (165-б.) немесе тек қана шетел азаматтары не азаматтағы жоқ адамдар жасай алатын қылмыста (166-б.)

Жыныстық белгі: зорлау (120-б.) тек ер адамадр жасайды (әйел адам әрекет жасаса, 121-б. болады нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттер);

Жас белгісі: кәмелетке толмаған адамады қылмыстық іске тарту (131-б.) тек кәмелетке толған адам жасайды;

Отбасылық-туыстық қатынасы: еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан жалтару (140-б.) тек қана күйеуі немесе әйелі ғана болуы мүмкін (бөтен біреу асырамаса, ешқандай жауапқа тарта алмаймыз);

Лауазымдық жағдайы және кәсіптік міндеттері: қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану ( 307-б.) тек қана лауазымды адам;

Әскери қызметке қатысына қарай: әскери қылмыстар (366-393 баптар) тек әскери адамдар.

Слайд-6 Үш қосымша белгілерден тұрады

Екеуі – интеллектуалдық (әрекетін ұғыну-ұғынбауын білдіреді).

Біреуі – еріктілік (зардапты тілеу-тілемеуін білдіреді).

Қылмыстың субъективтік жағы

Бір негізі

Кінә

екі нысаннан тұрады

қасақаналық абайсыздық

тікелей жанама менмендік немқұрайлылық

Тікелей қасақаналық

Мысалы, 96-бапта келтірілген кісі өлтіруді алуға болады.

Айыпты адам жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұға отырып, өз әрекетінің қоғамға қауіпті екндігін ұғынады (1-белгі). Өз әрекетінің нәтижесінде адамның өліп қалуы мүмкін екендігін және негізгі денеге пышақ сұққан соң өлмей, тірі қалмайтындығын да көре біледі (2-белгі ). Жәбірленушінің қайтыс болғанын тікелей тілейді (3-белгі).

Жанама қасақаналық

Мысалы, адам автакөлікті айдап кетеді де, ғимараттардың қасына келгенде соңына полицияның түскендігін көріп, машинадан секіріп түседі. Автокөлік ғимараттардың қабырғасына соғылып, ауыр зардаптарға әкеліп соғады.

Абайсыздықтың екі түрі болады:

Менмендік

Мысалы, адам көзін байлап, басқа адамды тұрғызып, пышақ лақтырып, адамға тигізбей оның артындағы ағашқа қадайтынына сенімді. Солай істеп, көзін байлап пышақ лақтырады да өзі ойлағандай емес, адамға қадайды

Мұндай жағдайда адам өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екендігін көре біледі. Қоғамға қауіпті зардаптың туу мүмкіндігін көре біледі 2-белгі

Немқұрайдылық: қоғамға қауіпті екендігін көре білмейді, зардапты тілемейді.Мысалы, дәріхана қызметкері дәрігердің жазып берген рецептін дұрыс оқи алмай, “шамасы осы болар” деген болжаммен мүлде басқа дәрілерді беріп жібереді. Осының кесірінен сырқат адам қайтыс болады.Дәріхана қызметкері өз әрекетінің адамға зиян әкелуі мүмкін екендігін. Зардаптың тууы мүмкін екендігін көре білуге тиісті және көре біле алатын болуы керек.

Қосымша белгілер: мотив, мақсат, эмоционалдық жағдай.

Мотив – дегеніміз ішкі түрткі.

Жай қарапайым кісі өлтіруден кек алу үшін жасалған кісі өлтіру қауіптірек.

Жай кісі өлтіруден пайда табу мақсатымен кісі өлтіру қауіптірек. Өйткені, оның бір белгісі (мақсат) артық. Кейде адам кісіні жайдан жай емес, қайтыс болған кісінің өзінің итермелеуімен өлтіруі мүмкін. Мұның қарапайым кісі өлтіруден айырмашылығы – бір белгісі артық, ол – эмоционалдық жағдай (аффект – қатты жан күйзелісі).

Қорытынды:

Қылмыс объектісі – ол қылмыстық заң арқылы қорғалған мүдделер. Қылмыстың объективтік жағы әрекеттің сыртқы көрініс беретін белгілер. Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы оның ішкі жағын білдіреді. Қылмыс субъектісі есі дұрыс он алтыға (он төртке) толған адам ғана болады.

Бекіту сұрақтары:

  • Оқашев қала сыртындағы қоқысты аралап жүріп, одан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды, қылмыс объектісі бар ма?
  • Хирург Жүнісов ауыр жарақатпен келген ауруға көмек көрсетпегендіктен ол қайтыс болды, бірақ осы уақытта хирург денешынықтыру жұмыстарымен айналысып жатқан болатын.

Жоғарыдағы мысалда әрекетсіздікпен жасалған қылмыс бар ма?

  • Есі дұрыс емес Нұрымовты Саламатова атты әйел ұрлық жасауға жұмсайды. Қылмыстың субъектісі болып кім табылады?
  • Қойшы Садауов түнде қасқырды қорқыту үшін аспанға мылтық атуды әдетке айналдырған. Кезекті бір күні ол мылтық атуға далаға шықса, дала тас қараңғы күйде болады. Қойшы “ауылда осындай қараңғы түнде ешкім жүрмейді ғой”, - деп есептеп, мылтықты аспанға емес, төмен салып атады. Таңертең оқ сол маңайда мал іздеп жүрген Тұрғанбаевқа тигендігі анықталады.

Әрекет қасақана жасалды ма, әлде абайсызда жасалды ма?

ҚР-ның Қылмыстық құқығы авт. А.Ағыбаев 55-57 беттер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?