Қылмыстық процесс субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

9. Қылмыстық жауапкершілік

Астана қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қылмыстық процесс субъектілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату

 Сабақ мақсаттары

Қылмыстық жауапкершілікті және жаза түрлері туралы білім қалыптастырады.

Жетістік критерийлері

Дағды

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

1. Қазақстандағы соңғы болған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 мысал келтіреді.

2. ҚР-ның сыбайлас жемқорлықпен күресіне қатысты саясатын біледі.

Сыни ойлау

3. қылмыстық процесс субъектілерін ажырату тәжірибеден 3 мысал келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.

Пәннің тиімді лексикасы мен терминалогиясы:

Жаза, кәмелетке толғандар, кәмелетке толмағандар, жауаптылық, қылмыстық жаза түрлері, айыппұл, қорғаушы, сот, айыпталушы.

Айтылым мен жазылымда қолданылатын сөйлем құрылымдары:

Оны түзеу жұмыстарына тарту керек, себебі (…)

Оған өлім жазасы тағайындалмайды, себебі (...)

Кәмелет жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жолдары ерекше, себебі (...)

Қылмыс субъектінің жасы...

Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері болып (...) табылады.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм

Өз елі үшін мақтаныш

Ұлттық сана-сезім

Тәуелсіздік

Пәнаралық байланыстар

Сабақта демография, әлеуметтану пәндерімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнематериал көрсетіледі.

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

М Өткен сабақта өтілген материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға «миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері қандай?

Қылмыстық жауаптылық дегеніміз не?

Қылмыстық жазаның қандай түрлері қолданылады?

Қылмыс дегеніміз – қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрініс тапқан кінәлі және жазаланатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік болса, қылмыс құрамы сол әрекеттердің заңдағы белгілері – төрт элементтен тұрады:

М Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырады.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410#z243

Сабақтың ортасы

Т Оқушылар соңғы айда қандай қылмыстар орын алғанын анықтайды:

Қылмыстың  субъектісі мен субъективтік жағы

Қылмыс субъектісінің белгілері

Қылмыстың субъектісі

Қылмыстың арнайы субъектісі

Қылмыстың заңда көрсетілген

(ҚК-нің 15 бабы)

белгілі бір жасқа толу

Қылмыс жасаған адам

ҚРҚК ң ерекше бөлімі  бабында көрсетілген қосымша белгілер(азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазым т.б)

Есі дұрыс адам болуы

тиіс, белгілі бір жаста     Бір күні кем емес 16-ға

болуы тиіс                  толған адам субъект бола алады

Қылмыстың субъектісі деп- қылмыс жасаған адам. Ол ең алдымен есі дұрыс адам болуға тиіс, ал есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Міндетті түрде белгілі бір жаста болу керек.

Т ДЖИГСО әдісі арқылы 4 топқа Қылмыстық заңнаманың жекелеген баптары ұсынылады:

1-топ: Қылмыстың субъективтік жағы

2-топ: Тікелей қасақаналық

3-топ: Жанама қасақаналық

4-топ: Абайсыздықтың екі түрі болады: Менмендік, Немқұрайдылық

Әр топ өздерінің қарастырған мәселелері бойынша қорытынды жасайды.

О. Копабаев, К. Айтхожин, Н. Кыдыркожаева, Г. Жайлин, А. Жумагали. Құқық негіздері. 10 сынып.

А. Маханбетова, Б. Жубанышев.

Құқық негіздері.

Әдістемелік нұсқау. 10 сынып

Сабақтың соңы

Б Қорытынды:

Қылмыс объектісі – ол қылмыстық заң арқылы қорғалған мүдделер. Қылмыстың объективтік жағы әрекеттің сыртқы көрініс беретін белгілер. Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы оның ішкі жағын білдіреді. Қылмыс субъектісі есі дұрыс он алтыға (он төртке) толған адам ғана болады.

Бекіту сұрақтары:

1. Есі дұрыс емес Нұрымовты Саламатова атты әйел ұрлық жасауға жұмсайды. Қылмыстың субъектісі болып кім табылады?

2. Қойшы Садауов түнде қасқырды қорқыту үшін аспанға мылтық атуды әдетке айналдырған. Кезекті бір күні ол мылтық атуға далаға шықса, дала тас қараңғы күйде болады. Қойшы “ауылда осындай қараңғы түнде ешкім жүрмейді ғой”, — деп есептеп, мылтықты аспанға емес, төмен салып атады. Таңертең оқ сол маңайда мал іздеп жүрген Тұрғанбаевқа тигендігі анықталады.

Әрекет қасақана жасалды ма, әлде абайсызда жасалды ма? Үйге тапсырма: "Қылмыстық процесс субъектілері атты тақырыпта постер жасау

Критерийлері:

  • Ақпараттарды тиімді қолдана алуы;

Рәсімделуінің көрнекілігі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сынып оқушыларына әртүрлі құқықтық жағдайлар үлестіріліп беріледі, топ оқушылары өз деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды таңдап, жауап береді.

Мұғалім сынып оқушыларын топтарға бөліп оқыту арқылы коммуникативті дағдыны ғана дамытып қоймай, сонымен қоса қабілеті жоғары оқушылардың қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетуін де қамтамасыз етеді. Қабілеті төмен оқушылар талқылаған мәселелерді айта алса, қабілеті жоғары оқушы жеке тәуелсіз пікір айтады, оның үстіне күрделі сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім сабаққа топтың барлық мүшелері тегіс қатысып отыруын қамтамасыз етуі керек.

Құқықтық жағдайларды талдағанда, топ оқушылары әртүрлі тереңдіктегі жауаптарды ұсынады. Топтық жұмыс кезінде, қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қолдау танытады.

топтардың маңыздылықты талқылауына қатысып, қажетілікке қарай қолдау көрсету

Топ оқушыларының шешімдерін ұсынуы кезінде тақырыпты және маңыздылық талаптарын түсінуін бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?