Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, презентция.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарабаев Зияткерлік мектебі

Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақ тақырыбы:

Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын

оқу мақсаттары:

10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын талдау

Сабақтың мақсаты:

Құқықтық саладағы азаматтық іс жүргізудің ерекшелігін анықтау;

Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаларын жіктеу;

«Азаматтық» деген ұғымды қалай түсінесіз?

Қазақстанда азаматтық іс жүргізу қандай деңгейде жүзеге асады?

Азаматтық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттері қандай?

Азаматтық іс жүргізудегі алға қоятын негізгі мәселелері қандай?

ЗЕРТТЕУ СҰРАҚТАРЫ

Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаттары қандай?

Азаматтық процестегі негізгі ерекшеліктері қандай?

Азаматтық процес қалай жүзеге асады?

1-тапсырма

Берілген мәтін бойынша азаматтық іс жүргізудің кемінде үш ерекшелігін жазыңыз:

Азаматтық іс жүргізу ерекшеліктері

2-тапсырма

Азаматтық іс жүргізудің кемінде төрт міндетін бөліп жазыңыз:

Азаматтық іс жұргізу міндеттері:

3-тапсырма

Төменде берілген баптың мағынасын ашып түсіндіріп жазыңыз:

4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестегі заңнамасы арқылы өз ойларыңызды жеткізіп жазыңыз:

Критерийлері:

Мақсаты

Негізгі ойы

Аталған баптағы қаралған мәселелер

Қорытынды

(60-70 сөз)

4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары

1. Азаматтық сот ісін жүргізу осы тарауда жазылған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі.

РЕФЛЕКСИЯ

РЕФЛЕКСИЯ:

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?