Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бөлім: Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары

Сабақтың мақсаты: 10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын талдау

 Азаматтық процесс – бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болды.

 Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

 Азаматық іс жүргізу құқығының негізгі қағидаларына – заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген.

 Азаматтық іс жүргізудің негізгі қағидалары – азаматтық істер жүргізу құқығы нормаларында бекітілген идеялық-саяси басшылыққа алынатын ережелер, олар процестің құрылымын, табиғатын анықтайды, процессуалдық құқықтың әрбір нормасы мен институты қағидаларға сүйеніп құрылады. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген.

 Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай қоғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді.

 Судьядардың ауыстырылмайтындығы және сайланбалығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы мүмкін.

 Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады.

 Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

 Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданынқорлайтын іс-әрекеттерге тыйым салынады.

 Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл қағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді.

 Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында істерді қарау және шешу ауызша түрде жүзеге асырылады.

 Сот ісін жүргізу тілі. ҚР сот ісін жүргізу тек мемлекеттік не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізіледі.

 Диспозитивтік. Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

 Тараптардың іс жүргізудің тең құқықтылығы. Материалдық құқықтық қатынастардың субъектілерінің теңдігіне сүйенеді.

 Бәсекелестік. Тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді.

 Азаматтық іс жүргізу құқығының міндеттері.

ҚР Азаматтық іс жүргізудің кодексінің 5-ші бабына сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Азаматтық дауды қарастырушы соттың барлық әрекеттері сот әділдігі міндеттерін орындауға бағытталуы тиіс;ол үшін іске қатысушы өзге де тұлғалар және олардың әрекеттері оң бағытта болуы тиіс. Олар өздерінің іс жүргізу құқықтарын шынайылылықпен қолдану арқылы сот әділдігі міндеттерінің орындалуына ықпал ете алады.

 4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

 5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары

  1. Азаматтық сот ісін жүргізу осы тарауда жазылған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.

  2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?