Қылмыстық процесс субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бөлім/Тақырып

Іс жүргізу құқығының негіздері

Оқу мақсаттары

10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату

Бағалау критерийлері

  • Қылмыстық процесс субектілерін біледі;
  • Қылмыстық процесс субъектілерінің қызметін ажырата алады;

Тапсырма 1

Сөйлемді аяқта:

Қылмыстың қоғамға қауіпті салдары---------------------

Әрекет нысандары--------------------------------------------

Тонау деп--------------------------------------------------------

Қылмыс дегеніміз---------------------------------------------

Қылмыстық процесстің субьектілері дегенді қалай түсінесіңдер?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кімдер Қылмыстық процесстің субьектілері болуы мүмкін?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Айыпталушы мен қылмыскердің айырмашылықтары неде?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма 2

Кәмелет жасқа толмаған Айдаров пен Қасенов және ағасы Ақсақаловпен өзара келісе отырып, темір жол вокзалында почта вагонында ұрлық жасады, дегенмен ұрланған затты сату кезінде ұсталды. Прокурор айыптаушылық қорытынды жасап, істі сотқа өткізді. Сот сот отырысының болатын күнін белгіледі, дегенмен айыпталушылардың қорғашылары болмағандықтан, соттың ұсынысы бойынша адвокаттар коллегиясы Максутов пен Сәдуақасовты қорғаушылар ретінде жіберді. Максутов кәмелетке толмағандар Айдаров пен Қасеновты қорғауға тиіс болса, Сәдуақасов Ақсақаловты қорғауды өз міндетіне алды. Сот отырысының дайындық кезеңінде сотталушылар Айдаров пен Қасенов қорғаушылардан бас тартты. Сотталушы Ақсақалов қорғаушы Сәдуақасовтан бас тартып, өзін қорғауды өзінің кәсіпорнының заңгері Нұрлыбековаға сеніп тапсыратынын мәлімдеді. Сот Ақсақаловтың өтінішін қанағаттандырып, кәмелетке толмағандар Айдаров пен Қасеновтың қорғаушсы болып, Максутовтың қалатынын бекітті.

Қорғаушының құқықтық жағдайы қандай?

Қандай жағдайларда сот процесіне қорғаушының қатысуы міндетті болып саналады?

Соттың іс-әрекеті қаншалықты дұрыс?

Дескриптор:

Білім алушы:

- айыптаушылар жағындағы қатысушыларды анықтайды

-Сот процесіне қатысушыларды анықтайды

- қорғаушылар жағындағы қатысушыларды анықтайды

Бір топ киноактерлер тауда көркем фильм түсіріп жатады. Көріністерде қолданылатын мылтықтары бытырасыз оқтармен жарақтанған, тек қана дыбыс береді. Үзіліс уақытында Төреханов Әшімовты азғырады. Оның жоспары бойынша «екеуміз Едіресовты тоғайға алып кетіп, ағашқа байлап, өтірік қорқытып, бытырасыз дыбыс мылтықпен атып қорқытайық», дейді. Осы жоспар бойынша олар Едіресовты «қорқытады» да Төреханов Әшімовке «ат» деп мылтық береді, бірақ оған әдейі бытырасыз емес, нағыз оқ салып қояды. Одан қаперсіз Әшімов шүріппені басып қалады. Нәтижесінде – Едіресов ауыр жарақат алады.

1.Төреханов пен Әшімовтің жауаптылығы қандай?

2.Қылмыс орындаушысы болып кім табылады?

3.Әшімовтың әрекеті қалай сараланады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?