Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Миға шабуыл
Осы суреттің берілуі себептері туралы ойланыңдар.
Бұдан қандай тақырып шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы
Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары
Оқу мақсаты
10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру
Сабақ мақсаты
Қылмыстық процестің негізгі міндетін түсінеді;
Қылмыстық процесстің қағидаттарын талдайды
Бағалау критерийлері
Қылмыстық процестің негізгі міндетін түсінеді;
Қылмыстық процесстің қағидаттарын талдайды
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Қылмыстық процесс – бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі.
Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:
Тікелей – әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс;
Жалпы – заңдылықты нығайту, қылмыстардың алдын алу және жою; азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу
Қылмыстық процестің міндеттері?
Қылмыстарды тез арада және толықтай ашу
Кінәлілерді табу
Заңдарды дұрыс қолдау
Қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары:
Қылмыстық процестегі жариялылық – мемлекеттіліктің негізгі белгілейді;
Іс мән – жайларының жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілік қағидасы;
Айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету қағидасы ;
Кінәсіздік презумпциясы қағидасы;
Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкіммен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады;
Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес;
Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді;
Кейс технологиясы
І топ- әрекеттің қоғамға қауіптілігін анықтау;
ІІ топ- заңға қайшылығын табу;
ІІІ топ- кінәлігін дәлелдеу
ІV топ- жазаланатындығын бағалау
Дескриптор:
Анықтамасын біледі;
Қылмыстың төрт белгісін табады
Жеке жұмыс
Қылмыстық құқықтың мақсаты:
_______________________________________________________________________________
Қылмыстық құқықтың қағидаты:
_______________________________________________________________________________
Дескриптор:
Қылмыстық процестің міндетін біледі;
Қылмыстық процестің қағидатын түсінеді
«Табыс баспалдағы»
Үйге тапсырма: "Қылмыссыз қоғам-заман тыныштығы"
(100 сөзден тұратын эссе жазу)
Критерийлері:
Нақты деректер келтіру;
Атқарған жұмыстарын бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?