Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Іс жүргізу құқығының негіздері | Мектеп: | |||||
Сағат саны: 1 | Күні: | Мұғалімнің аты - жөні: | ||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарының маңыздылығын түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаты | 10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Қылмыстық процесс, қылмыстық құқық бұзушылық, бейтараптық, тергеп-тексеру, қылмыстық жауаптылық, ақтау, қағидат, дәлелдеме, сот, прокурор, тергеуші. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Оқушылар кейс-стади технологиясы бойынша тапсырмаларды орындау арқылы жазылым және айтылым дағдыларын дамытады. Қылмыс процестің міндеттеріне жатады: ... Қылмыстық іс жүргізу келесі кезеңдерден тұрады: ... Қылмыстық істің қағидаттары ... болып табылады. Мен келісемін (-пеймін), себебі … Менің ойымша бұл топтың жұмысы нәтижелі болды, себебі ... | |||||
Құндылықтарды дамыту | Құндылықтар: -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - оқушы бойында дарытатын құндылықтар: патриотизм, ұлттық сана-сезім, төзімділік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, экономика. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан ресурстар табу дағдылары дамытылды. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қылмыстық процесс ұғымын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың қезеңдері | Сабақта орындалатын іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||
Қызығушылықты ояту 5 мин 2 мин | БЫМ (Бастапқы ынталандырушы материал) Б Сыныпқа бейнероликті көрсету арқылы «Миға шабуыл» әдісін қолданып, қылмыстық процесс ұғымы аясында дискуссия ұйымдастыру. Дискуссия соңында сұрақтар қояды.
М Оқушылар тақырыпты, оқу мақсатын болжайды. Мұғалім бағалау критерийлерімен таныстырады. Тақырыпқа сай мозайка жинау арқылы 4 топқа бөледі. | |||||
Мағынаны тану 5 мин 20 мин 5 мин | Зерттеу Мәтінмен жұмыс Ж/Т Қылмыстық процестің мiндеттерi мен қағидаттары туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің баптары таратылады (Қылмыстық процестің мiндеттерi, Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәнi, Заңдылық, Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы, Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, т.б.). Оқушылар жұпта қарастырған мәселелері бойынша қорытынды жасайды. Топтық жұмыс Т Топтарға құқықтық ситуация таратылады. Осы ситуацияның толық шешімін шығару үшін оқушылар қылмыстық істің кезеңдерін көрсетеді. Мысалы, 1-топ. Сотқа дейінгі сатылар (қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу жұмыстары) 2-топ. Сот кезеңі (қылмыстық істің материалдарын сот отырысына дайындау, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу) 3-топ. Сот кезеңі (екінші сатыдағы сотта іс жүргізу, үкімді орындау) 4-топ. Ерекше сатылар (қадағалау сатысы, жаңа немесе жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық сот ісін қайта бастау) ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің баптарына сүйене отырып, топтық жұмысты көрсетуін сұраңыз. Сондай-ақ, оқушылар қылмыстық процестің міндеттері мен негізгі қағидаттарын ескеруі тиіс. Топтық жұмысқа қатыспайтын оқушылар сыртқы сарапшылар ретінде қорытынды жасайды. Интерпретация Б Жазбаша тапсырма. «Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарын ескеру қаншалықты маңызды?» деген тақырыпқа қорытынды түйін жазу. | 1-қосымша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексі, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 8-31 баптар. Сынып кабинетін сотқа дейінгі және сот процесіне лайықты етіп дайындаңыз. 2-қосымша Ситуация: Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен. Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшықтап жүрген», - деді. | ||||
Ой-толғау 3 мин | Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?