Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

«Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі »

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Бекітемін:

ТГЭ ӘБ жетекшісі:

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні: Абджалиев Н.А.

Сынып: 10

Сабақ формасы: Жобалық зерттеу жұмыстарына деген мотивациялық консультация

Сабақ мақсаты:

  • Зерттеу тақырыптарын ұсыну арқылы білім алушылардың жобалық жұмыстарына қызығушылықтарын ояту

Бағалау критерийлері:

Білу және қолдану:

«Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі» деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндіреді.

Сандық және сапалық әдістермен деректер жинау арқылы жобалық зерттеу жұмысын жүргізудің маңыздылығын талқылайды

Сыни тұрғыдан ойлау:

1.Жеке құқықтардың Қазақстандағы жүзеге асырылуын талдайды.

2. Жеке құқықтардың қорғалуына қатысты жобалық тақырыптармен танысып, болашақтағы зерттеу жүргізудің негіздеріне бағыт алады.

Құндылықтарды дарыту:

  • «Мәңгілік ел» идеясының негізі – зайырлы қоғам мен жоғары руханилыққа баулу

 Тілдік мақсаты:

Оқушылар:

  • «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы», «ҚР Конституциясы» құжаттарының баптарынан сілтемелер келтіреді (Оқылым дағдысы)
  • Жобалық зерттеу тақырыптарымен танысу арқылы зерттеу жүргізу шарттарымен танысады. (жазылым дағдысы)

 Пәндік лексика:

  • Жеке құқық
  • Декларация
  • Конституциялық құқықтар мен бостандықтар

 Пәнаралық байланыстар:

Дүние жүзі тарихы, саясаттану

Алдыңғы меңгерілген білім:

Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген «Адам құқықтары» тақырыбында «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы:

Сабақ

қезеңі

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқытуресурстары

Басы

10 мин

Ортасы

20 мин

Танысу бөлімі. «Сәлемдесу» рәсімі арқылы, бір-бірімен ынтымақтастық педагогикасы артады.

Сабақ барысы:

«Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі»

Т. Оқушыларға презентациядан арнайы тақырыптық мәліметтер коллажы ұсынылады.

Қойылатын сұрақ:

“Сіздер инфографикадағы мәліметтерге қарап, қандай тақырыпты болжауға болады?

Б. Оқушылар жауаптары сараланғаннан кейін, сабақтың жаңа тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен, терминдермен танысады.

Зерттеу сұрақтары:

  • Жеке құқық терминінің анықтамасы және оның адамға беретін мүмкіндіктері қандай?
  • Не себепті жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады?
  • Қазақстанда азаматтық қоғамды қалай қалыптастыруға болады?

Жаңа терминдерге глоссарий (түсіндірмелер) таныстырылады.

  • Жеке құқық-жеке меншік иелерінің өндіріс және айырбас барысындағы қатынастарын, олардың нарықтың еркін субьектілері ретіндегі мүдделерін қорғайтын және реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы - 1948 ж. 10-желтоқсанда Сан-Францискода БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қабылданған азаматтық және саяси құқықтар туралы құжат. Осыған сәйкес, 10-желтоқсан Халықаралық адам құқықтарын қорғау күні болып жарияланды
  • Конституциялық құқықтар мен бостандықтар - әрбір елдің Ата Заңында көрсетілген елдің азаматтарына тиесілі күнделікті өмірде жүзеге асыра алатын еріктері мен еркіндіктері. 1995 ж. 30 -тамызда қабылданған ҚР Конституциясының ІІ -бөлімі “Адам және азамат” деп аталады. Осы бөлімде Қазақстан азаматтарының конституциялық мәртебесі белгіленген.
  • Мәтінмен жұмыс.

ЖЖ. Жұптарға http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001сілтемесіндегі “Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы” мәтіні және ҚР Конституциясымен танысады. Ситуациялық сұрақтарға жауап береді.

1 бап

      Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

2 бап

      Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.

  3 бап

      Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.

4 бап

      Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.

5 бап

      Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.

6 бап

      Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы.

7 бап

      Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы.

8 бап

      Әр адам, конституциямен, немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, құқығын құзыретті ұлттық сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге құқылы.

ҚР Конституциясының баптары.

12 -бап.

      1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

14-бап.

      1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

      2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

15-бап.

      1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16-бап.

      1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

17-бап.

      1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

      2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Ситуациялық сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Жеке құқық терминінің анықтамасы және оның адамға беретін мүмкіндіктері қандай?
  • Не себепті жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады?

2. Конституция терминіне анықтама беріңіз, оның құрылымы қанша бөлімнен тұрады және олар қалай аталады?

3. Академиялық Түсіндірілім.

Балалар, сіздер өздеріңіз қарастырып отырған жеке құқық тақырыбы бойынша жобалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін сіздер әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістерімен таныс болуымыз керек.

Жобалық жұмысты жасауда қолданылатын әлеуметтік зерттеу әдістері:

Әлеуметтік зерттеулерді жүргізу әдістері сандық және сапалық деп екі категорияға жіктеледі. Бұл әдістер деректердің цифрлық мәліметтер базасын жинақтауға көмектеседі. Сандық әдістерге әлеуметтік сауалнама, құжаттардың контент талдауы, статистикалық кестелер, құрылымдалған сұхбат, құжаттардың контент талдауы

Деректерді жинаудың сапалық әдістерінің ерекшелігі: сандық әдістермен жинақталған мәліметтердің мазмұнын түсіндіруге көмектеседі. Сапалық әдістерге: фокус-группа, жекелеген жағдайды зерттеу («кейс-стади»), этнографиялық зерттеулер, құрылымданбаған сұхбат әдістері жатады.

Тапсырма:Талқылау сұрақтарына сыныппен бірге талқылай отырып, жауап береді.

Дискуссиялық сұрақтар:

  • Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не? Оларды жүргізу не себепті қажет?
  • "Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады" деген тақырыпқа қандай формада зерттеулер ұйымдастыруға болады?

Сыни ойлау дағдысы бойынша:

20-бап.

      1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

22-бап.

      1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

      2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

24-бап

      1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

25-бап.

      1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

26-бап.

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

27-бап.

      1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

      2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Тапсырма. Өздеріңіз ҚР Конституциясының баптарын талдап, жеке жұмыс формасында адам мен азаматтың қандай құқықтары бар екенін кестеге толтырыңыз.

Адам құқықтары

Азамат құқықтары

А.

В.

С.

А.

В.

С.

Тапсырма. ҚР Конституциясының ІІ бөлімі «Адам және азамат құқықтары» бөлімінде көрсетілген баптарды талдай отырып, онда көрсетілген құқықтарды төменгі кестеде берілген құқықтар түрлеріне жіктеп жазыңыздар:

Жеке

құқықтар

Саяси

құқықтар

Әлеуметтік

құқықтар

Экономикалық

құқықтар

1.

2.

1.

2.

1.

2.

1.

2.

Тапсырма. Адам құқықтары туралы Декларация мен ҚР Конституциясының баптарын талдап, төмендегі шығармашылық тапсырманы орындаңыз.

  • Декларациядан негізгі деген 5 жеке құқықтың түрін жазыңыз.
  • ҚР Конституциясының осы декларациядағы адамның жеке құқықтарымен сәйкесетін 3 құқықты тауып жазыңыз

https://www.youtube.com/watch?v=61ELOQQbHdk

Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-баптар

ҚР Конституциясы “Адам және Азамат” бөлімі, 12-27 баптары аралығы;

Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2010.

Ағдарбеков Т., Əлайдар А., Алайдаров А., Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Нұр пресс, 2008.

Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

ҚР Статистикалық агентігі

www.stat.gov.kz

Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-баптар

ҚР Конституциясы “Адам және Азамат” бөлімі, 12-27 баптары аралығы;

Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2010.

Ағдарбеков Т., Əлайдар А., Алайдаров А., Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Нұр пресс, 2008.

Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

Шығармашылық тапсырма. Тақырыптық зерттеу сұрақтарына жауаптарды кілт сөздер, терминдер мен баптардың номерлерін қатыстырып, схема немесе инфографика құрастырыңыз.

  • Адам құқықтары туралы Декларация мен ҚР Конституциясының баптарында көрсетілген жеке құқықтар шынайы өмірде қаншалықты қорғалған?
  • Не себепті жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі болып табылады?
  • Қазақстанда азаматтық қоғамды қалай қалыптастыруға болады?

Инфографика сызбасы:

Орындалған инфографикаларды презентациялағаннан кейін, оқушыларға "Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі" деген осы тақырыбы бойынша шағын жұмыс түрінде зерттеуге болатын жобалық тақырыптар ұсынылады

  • Жобалық зерттеуге ұсынылатын тақырыптар:

1. Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі.

2. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері және оларды шешу жолдары.

3. Адам Құқықтарының Жалпыға Бірдей Декларациясы баптарының Қазақстандағы жүзеге асырылуы қандай деңгейде?

4. Адам Құқықтарын қорғау механизмі Қазақстанда қалай жүзеге асырылуда?

5.  Қазақстан азаматтары үшін өз жеке құқықтарын біліп жүрудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

6. Құқық қорғау органдарының азаматтардың жеке құқықтарын қорғаудағы ролі қаншалықты маңызды?

7. Азаматтық қоғамды қалай қалыптыруға болады?

8. ҚР Конституциясы  азаматтардың жеке құқықтарын қорғауға  қаншалықты мән береді?

9. «Менің жеке құқықтарымды білуім – ол менің азаматтық қоғамдағы саяси белсенділігімді арттырады» дегенді қалай түсіндіруге болады?

10.  ҚР Конституциясының 1 –бабын қалай түсіндіруге болады?

Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Нұр-пресс, 2008.

Соңы

10 мин

Бекіту сұрақтары:

  • Сабақтың бекіту сұрақтары:1. Жеке құқықтарға нелер кіреді?2. Жеке құқықтарды заңдарға сәйкес қорғау қалайша адам бостандықтарының кепілі болып табылады? 3. Жеке құқықтардың түрлері бойынша жобалық зерттеу жұмыстарын жүргізу не үшін қажет?

Бағалау үдерісі: Әрбір тапсырмалар орындалғаннан соң, Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс беріліп, Бағалау үдерісі жүргізіледі.

Үй тапсырмасы:

Ж.100 сөзден аспайтын қорытынды жазбаша жұмыс:

Тақырыбы:

«Жеке құқықтардың қорғалуы демократияның белгісі ме?»

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Тарихи маңыздылық критерийлерін оқытуда бұрын өткен темір дәуіріндегі ме млекеттердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі туралы талдауға септігін тигізеді және бұл критерийлерді қайта түсінуге мүмкіндік береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру,

маңыздылығы жайлы соңғы сұрау электронды түрде болуы мүмкін

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?