Қазақстан Республикасында отбасылық қарым қатынастардың құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Предмет: Основы права. 10 класс

Часть долгосрочного плана:

«10.3.3.2. және 10.3.3.3. Отбасы құқығы жүйесі»

Сабақ тақырыбы:

«10.3.3.2.ҚР отбасы қатынастарының құқықтық реттелуі»

Цел урока:

  • 10.3.3.2 ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру
  • 10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу

Критерии оценивания:

Білу және түсіну:

Некенің бұзылуы, некенің тоқтатылуы, некенің жарамсыздығы, алименттік міндеттер ұғымдарын түсіндіреді.

ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің қағидаттарын атайды

Сыни тұрғыдан ойлау:

1. Балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады;

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Білу және түсіну дағдысы бойынша:

«10.3.3.2 ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру» оқу мақсатына сәйкес, БЛИЦ –сұрақтар жаттығуын өткізіп кері байланыс алынады;

БЛИЦ СҰРАҚТАР жаттығуын жүргізу ;

Сұрақ №1Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі –зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім қалай аталады?

Жауабы:

Сұрақ №2Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап неше ай өткен соң жүргізіледі?

Жауабы:

Сұрақ №3Қайсысы бұрыс?А) Жылқайдарова Айым БолатқызыӘ) Дастан-Жылқайдарова Айым БолатқызыБ) Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Жауабы:

Сұрақ №4Неке шартының негізінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі 40/60 пайызға бөлінуі мүмкін бе?

Жауабы:

Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы бойынша:

«10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу» мақсатына сәйкес, Баланың құқықтарына қатысты құжаттармен және академиялық білімдермен оқушыларды таныстыру.

Балалар құқықтары туралы Конвенциядан:

Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

Тапсырма.

Құқықтық жағдаяттармен жұмыс.

Жұмыс топтары балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады. Мәселелерге аргументтер келтіруде Бала құқығы туралы Конвенция, ҚР Бала құқықтары туралы Заңының баптары, ҚР Конституциясының заң тармақтары тәрізді арнаулы құжаттардан мәліметтер пайдаланып, түсіндіреді;.;

Жағдаят №1

Ж. есімді азамат әйелімен ажырасады. Ұлын өз қолында алып қалады. Артынан ол ішімдікке салынып, ұлына ақша табуды сұрайды. Баласы сабаққа барып келгеннен кейін, газет сатып, кейде түнгі ауысымда официант болып жұмыс жасайтын. Көршілері оның 13 жаста болса да, әкесінің орнына үй ақысын төлеп, беске оқитынына таң қалатын. Жоғары сынып кезеңінде ол сабақтарды көп босататын болды, сондықтан мектептің оқу ісінің меңгерушісі әкесіне баланың сабаққа келуін қамтамасы етуін талап етеді.

Сұрақтар:

 Қалай ойлайсыз, оқу ісінің меңгерушісі қорғаншылық ұйымына шағым түсірген жағдайда, ұйым қандай шешім қабылдайды?

Жағдаят №2

З. есімді баланың ата-аналары үнемі ұрсысатын. Әкесі ер азаматтарға жатпайтын әрекеттерді жасамайтынын айтып, балаға қарамайтын. Ал анасы баланың тәрбиесі әкесінің міндеті болатынын айтып, баланың әкесіне шағымданатын. Бала үнемі әкесі мен шешесінің ұрыс-керісін еститін. Баланың әкесі қаржыны негізінен адамдарды қорқыту, күш көрсету, тартып алу жолымен табатын. Ерлі-зайыптылар заңды некеде 5 жыл бірге тұрады, З. есімді балаға 3 жас толғанда, оның әкесін полиция қызметкерлері тұтқындайды. Әкесіне 6 жыл бас бостандығынан айырады. Әйелі ажырасу туралы сотқа шағым жазады, әкесі ажыраспайтынын және баласын бермейтінін айтып, наразылылық танытады.

Сұрақтар:

 Сот қандай шешім қабылдайды?

 

 Жағдаят №3

 К. есімді 15 жасар баланың нағашы атасы ауырып қалады, бала сүйікті атасының көңілін тауып, рух беру үшін ата-анасынан өз ата-тегін атасының атына көшіруін сұрайды. Атасының ұл балалары болмағандықтан, жиенінің бұл әрекетіне өте қатты сүйсінеді. Бірақ, К. есімді баланың ата-анасы жұмыс басты адам болып, үнемі жұмыстан кеш келетін. Сондықтан олар балаға ата-тек ауыстырудың оңай емес екендігін, көптеген қағаздар толтыру керектігін айтып, күнде ертеңгі күнге қалдыра береді. Бала ашуланып, сотқа өз ата-тегін ауыстыру туралы шағым жазады. Сот ата-анасының рұқсатынсыз баланың ата-тегін ауыстырмайтынын және бала кәмелетке толмағандықтан, өз атынан өтініш жаза алмайтынын айтып, баланың өтінішін қабылдаудан бас тартады.

Сұрақтар:

 Әрбір тараптардың әрекеттеріне баға беріңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?