Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
Отбасы құқығының түсінігі, жүйесі
Отбасы құқығы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты қатынастарды реттейтін құқық саласын айтамыз.
Азаматтық құқықтың нормалары да субъектілердің арасындағы жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарды реттейді. Екеуінің ұқсастығы осында.
Азаматтық құқықтың нормалары ең алдымен меншік құқығын қорғауға кәсіпкерлік қызметтен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған. Отбасы құқығының нормалары адамның өзін дамытуымен, оның тәрбиесімен, материалдық жағдайымен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған. Отбасы құқығындағы субъектілердің арасындағы қатынастар заңды фактілерден туындайды: некеге тұру немесе некені тоқтатудың фактісі, бала туу, асырап алу және отбасына орналастыру фактісі, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу фактісі және азаматты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану фактісі және т.б.
Отбасы құқығының қағидалары
Қағида – белгілі бір теорияның, ілімнің, ғылымның және басқалардың негізгі бастапқы ережелері. Отбасы құқығының қағидалары деп отбасылық қатынастарды реттеуде қолданылатын бастапқы ережелерді айтамыз. Мұндай ережелер қатары ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 2-бабының 2-тармақшасында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес отбасы құқығының қағидаларына төмендегі қағидалар жатады:
- еркек пен әйелдің некелі одағының теңдігі;
- ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
- отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
- отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
- балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау;
- отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
- отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтына ынталандыру.
Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген неке ғана заңды болып табылады. Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.
НЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы. Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы–18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін. Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.Некелік шарт. Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.
Отбасы қызметі
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?