Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША
1. Асқаров пен Оразова ұзақ уақыт тату-тәтті бірге тұрады, ортақ шаруашылық жүргізеді. Олар бірге өмір сүрген кездерінде некені заңды тіркеу міндетті емес деп санаған. Аз уақыт өткен соң екеуінің арасында дау туады да, Асқаров бөлек тұруға шешім қабылдайды. азаматша оразова ортақ иеліктеріндегі меншікті бөлу туралы (жер, теледидар, жиһаз т.б.) Алмалы ауданының сотына шағымданады.
Сенің пікірінше Алмалы ауданының соты қандай шешім шығаруы мүмкін? Шешім шығару үшін сот қандай заң нормаларын басшылыққа алады?
2. Ново-Алексеевка орта мектебінің оқушысы Петя Воронов мектепке беті-қолы жарақаттан көгеріп келіп жүреді. Мұны байқаған мектеп мұғалімі оның ата-анасын мектепке шақыртады. Алайда мектепке тек Петяның анасы ғана келеді. Баланың беті-қолындағы жарақат қайдан пайда болған деген сұраққа анасы нанымдыжауап бере алмайды.
Мектеп басшыларының өтініші бойынша ұйымдастырлған қорғаншы және қамқоршы орган жүргізген тексеру нәтижесінде, төмендегідей мән-жайлар белгілі болады: Петяның әкесі - Алексей Воронов көп жылдардан бері араққа салынып, маскүнем болып кеткен, сол себепті ол күнде жанұя мүшелерімен жанжалдасып дау шығаруды дағдыға айналдырған. Арақ ішіп, мас болғанда ол баласын себепсіз ұрып соғатын, сонымен қоймай Петяға араша түспек болған әйелін де соққыға жығатыны белгілі болады.
Баланың құқығын қорғау мақсатында Петяның әкесіне қандай шара қолдануға болар еді?
Петяның анасы тарапынан Алексей Вороновқа шара қолданбау істің мәнін өзгерте ме?
3. Некені бұзғаннан кейін 5 жыл бойы Нұргүл Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен кәмелетке толмаған қызына алимент төлеуді талап етпейді, себебі ол мұнай компаниясында есепші болып істегендіктен ақшаға аса мұқтаждық көрмейтін. Алайда 2000 жылы аталған мұнай компаниясы жабылып, Мукашева Н. жұмыссыз қалады. Осы себептерге байланысты Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен қызды асырауға қажетті ақша соммасын ай сайын жіберіп тұруын өтінеді. Мукашев болса ерікті түрде ақша төлеп тұрудан бас тартады. Сотқа талап-арыз беретіндігі жайлы зайыбының ескертуіне Муқашев бұрынғы әйелі Нұргүл Муқашеваның талап қою мерзімін өткізіп алғандығына сілтеп, оның ескертуін елеусіз қалдырып, әйелінің талабын орындаудан бас тартады.
Осы қалыптасқан жағдайда Нұргүл Мукашева қандай әрекеттер жасауы тиіс? Неке және отбасы туралы заң бойынша алимент өндіріп алуға талап қою мерзімі қолданыла ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?