Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал, 5-6 сабақ


 1-қосымша

 

 1-топ

 

 25-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеті

 1. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде мыналарды:

 1) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауын;

 2) ұсынылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктерін;

 3) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, азық-түліктің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ кейбір аурулар мен сырқаттану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен оларды қолдануға болмайтындығы туралы мәліметтерді;

 4) тауардың құрамын, тамақ өнімдеріне қатысты – олардың құрамы, оның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың болуы және олардың мөлшері туралы мәліметтерді;

 5) дайындаушының тауарлық белгісін;

 6) тауарды шығарған елді;

 7) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттарын;

 8) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайын), сатушы (дайындаушы) тұтынушыдан қойылған кінәларды қабылдауға уәкілеттік берген және тауарды жөндейтін әрі оған техникалық қызмет көрсететін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жерін;

 9) егер мұның жұмыс (көрсетілетін қызмет) сипатымен байланысты мәні болса, жұмысты орындайтын (қызмет көрсететін) нақты тұлғаны көрсетуді және ол туралы ақпаратты;

 10) музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде фонограммаларды, дыбыс-бейне жазбаны пайдалануын көрсетуді;

 11) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) массасының шамасын (нетто), көлемін, санын және (немесе) жиынтықталымын;

 12) тауардың мақсаты туралы және тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы міндетті болып табылатын не тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.

 

 

 

 Мәтінге тапсырма.

 Меруерт супермаркеттің ішіндегі нан бөліміндегі сатушыдан 1 кг. блинчик өлшеп беруді сұрады. Сатушы 1 кг. блинчикті Меруертке өлшеп беріп, қолына ұстатты, алайда Меруерт тамақ өнімінде оның құрамына қатысты ақпарат жоқ екенін айтып, құрамында не бар екенін көрсетуін сұрады. Сатушы Меруерттің бұл талабын орындай алмайтынын, себебі оның құрамы коммерциялық құпия екенін алға тартты.

 Меруерттің қандай құқығы бұзылды? Меруерттің әрі қарай іс-әрекеті қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 1-қосымша

 2-топ

 

 15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы

 1. Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

 1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

 2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

 Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;

 3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

 4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

 5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

 6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

 Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.

 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы тауарды сатып алу орны бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қоюға құқылы.

 3. Тұтынушы, осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар осы Заңда белгіленген мерзімде анықталған жағдайда, осы талаптарды қоюға құқылы.

 

 

 

 Мәтінге тапсырма.

 Арман дүкеннен былғары күрте сатып алды. Сатушы күртенің таза теріден жасалғанына сендіріп, сапасы өте жоғары екенін айтып, 40 градус аязда да ештеңе болмайтынын айтып сатты. Алайда екі күннен кейін 20 градус аязға ғана Арманның күртесі қатып, аязға сынып жыртылып қалды. Арманның әрі қарай іс-әрекеті қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1-қосымша

 3-топ

 

 17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері

 1. Жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы.

 2. Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.

 Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.

 Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.

 Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраған және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады.

 Тауарды (жинақтаушы бұйымды) ауыстырған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі қайта есептеледі.

 Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға және тауардың құрамдас бөлігіне кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан аз болып белгіленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымдағы және тауардың құрамдас бөлігіндегі кемшіліктер туралы талаптарды олар негізгі бұйымның кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде қоюға құқылы.

 Егер шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан артық болып белгіленсе, егер негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымның кемшіліктері оған белгіленген кепілдік мерзімі ішінде табылса, тұтынушы тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы.

 Тауарларды үлгілері бойынша, пошта арқылы, электрондық сауда жолымен сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі – тауарды тұтынушыға берген (жеткізген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) байланысты мән-жайлар бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды беру (жеткізу), орнату (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын сатушыға байланысты мән-жайларды жою күнін анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзім сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап есептеледі.

 Мәтінге тапсырма.

 Самат сауда үйінен теледидар сатып алды. 15 күннен кейін Самат теледидарының экранының бір шеті сынғанын байқап, оны өзі сындырмағанына сенімді еді. Теледидарды сатып алған сауда үйіне тапсырғысы келгенде оның кепілдік мерзім бойынша шарттың жасалмағанын анықтады.

 Саматтың әрі қарай іс-әрекеті қандай? Теледидарды қайтарып немесе айырбастай ала ма?

 1-қосымша

 

 4-топ

 

 18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алу құқығы

 Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

 Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

 21-бап. Моральдық зиянды өтету құқығы

 Тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиян, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсі болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады.

 

 

 

 Мәтінге тапсырма.

 Ерлан дүкеннен самса сатып алды. Оған сатушы чек аппаратының бұзылып тұрғанын алға тартып тауарды иелену фактісін растайтын құжатты беруден бас тартты. Ерлан сол күні кешке ауырып ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның самсадан уланғанын анықтады. Ерланның қандай құқықтары бұзылды? Ерланның әрі қарай іс-әрекеті қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?