Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 1-2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді _______________

«_____________________________» жетекшісі ____________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұтынушылар құқықтары туралы заңнама

Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: И.Ж. Ұзақбай

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі

Оқу мақсаты

  • 10.3.2.1 Тұтынушылардың құқықтары туралы ҚР Заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау

Бағалау критерийлері

  • Тұтынушылардың құқықтары туралы ҚР Заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдарды қолданып, постер жасайды;
  • Тұтынушылардың құқықтары туралы ҚР Заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін «Әткеншек» әдісі арқылы талдап, кем дегенде 3 негізгі құқықты анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Тұтынушылардың құқықтары туралы ҚР Заңына және ҚР Конституцияның баптарына сүйене отырып, тұтынушылардың құқықтары және бостандықтарымен танысады (оқылым және айтылым дағдылары) және жеке жұмыс орындайды. (жазылым дағдылары)

Құндылықтарды дарыту

Тұтынушылардың құқықтары және бостандықтары туралы білімді қалыптастырады

Пәнаралық байланыстар

Экономика, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 кезең

Сабақтың басы

3-5 минут

Б. Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжайды.

Бүгінгі тақырып таныстырылады. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері көрсетіледі.

№1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

3-4 минут

Жұптық жұмыс. Құқықтық қатынастар субъектілерінің анықтамасын сәйкестендіреді.

5-7 слайдтар

1-қосымша.

Дайындыққа 10-12 минут,

қорғауға 10-12 минут.

Топтық жұмыс. Тұтынушылардың құқықтары туралы ҚР Заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдарды қолданып, постер жасап, оны қорғайды.

  • 1) дайындаушы;
  • 2) жарамдылық мерзімі;
  • 3) жұмыс;
  • 4) кемшілік;
  • 5) кепілдік мерзімі;
  • 6) көрсетілетін қызмет;
  • 7) қызмет ету мерзімі;
  • 8) орындаушы;
  • 9) сақтау мерзімі;
  • 10) сатушы;
  • 11) тауар;
  • 12) тауардың қауіпсіздігі;
  • 13) тауардың;
  • 14) тауарды иелену фактісін растайтын құжат;
  • 15) тұтынушы.

8 слайд

2 қосымша

Соңы 5-7 минут

Он сұрақ!

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Жасыратын сөздер: Клиент әрқашан дұрыс, тұтынушы, сатушы, кепілдік мерзімі

9 слайд

2 кезең

Сабақтың басы

23-25 минут

Т. «Әткеншек» тәсілі.

Әр мәтіннен тұтынушылардың ең маңызды деген 3 құқығын атайды.

  • Топ 5 бекетті сағатқа карсы тілімен айналады
  • Әр бекетте әр түрлі мәтін орналасқан
  • Әр бекетте 5 минуттай аялдауға болады
  • Жауапты өзінің тобына арналған ақ параққа жазады.
  • Басқа топтың идеясын қайталамаймыз

10 слайд

3 қосымша

Сабақтың ортасы

3-5 минут

«Галерея»

  • Топтың жауаптары тақтаға ілінеді
  • Әр оқушы нақты жауапқа өз даусын «+» белгісімен көрсетеді.

11 слайд

3-5 минут

Интерпретация (үйге тапсырма ретінде де берсе болады)

Қазіргі кезде тұтынушылардың қандай құқықтары көбіне бұзылады деп ойлайсыздар және неліктен? (2-3 мысал)

№12 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

13 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?