Меншік құқығы және оның қорғалуы. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал 2.


Құқық негіздері пәні, 10 сынып, Қалыптастырушы бағалау

Сыныбы: 10 Оқушының аты –жөні:

Мазмұны:

Оқушыларға жеке және жұптық тапсырмалар орындату арқылы, әрбір тапсырманың орындалу көрсеткіштері бағалау критерийлеріне сай бағаланады.

Бөлім/тақырып

Бөлім: Жеке құқық

Бөлімше: Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Тақырып: Міндеттемелік құқық

Оқу мақсаты:

  • 10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу;
  • 10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау;

Бағалау критерийлері:

10.3.1.9. оқу мақсаты бойынша-

  • Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

  • Дескрипторы:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, борышкер, шарт, мәміле, сенімхат терминдеріне түсіндірме жауап жазады

10.3.1.10. оқу мақсаты бойынша-

  • Сыни тұрғыдан ойлау:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы мәселелердің шешімдерін ұсыну

  • Дескрипторы:

Екі кейс стадиды талдау арқылы кестенің сұрақтарына өз көзқарас жауаптарын жазады;

  • Талдау:

Міндеттемелердің түрлеріне мысалдар келтіріп, талдайды;

  • Дескрипторы:

Әр білім алушы жұбымен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне

мысал келтіріп, талқылайды

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Оқушылар жеке және жұптық формада ҚР Азаматтық Кодексінің 268-390 баптарын оқып, мазмұнын талқылайды;

Қолдану дағдысы бойынша:

1 ) Таблицада көрсетілген ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:

Міндеттеме:

Борышкер

Шарт

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

1.

2.

3.

4.

5. Мәміле:

6. Сенімхат:

Сыни ойлау дағдысы бойынша:

2. Сіздерге ұсынылған азаматтық құқықтағы міндеттемелер мен шарттарға қатысты екі кейс стадиды талдау арқылы мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыз:

Жағдаят 1.

1- құқықтық жағдаят

Сауда-делдалдық фирма жасасқан шартқа сəйкес сауда кəсiпорнына маргарин партиясын жеткiзедi‚ ол маргариннiң сатылу мерзiмi өтiп кеткен болып шығады. Сауда кəсiпорны тауарды жарамсыз деп тауып‚ фирмаға алдын-ала төлем ретiнде аударылған қаржыны қайтару жөнiнде‚ сонымен қатар шартта қарастырылған айыпты төлеу туралы талап қояды. Шарт бойынша олар 10 күн деп белгiленген талап қою мер-зiмiн сауда кəсiпорнының өткiзiп алуын сiлтеп‚ фирма талапты орындаудан бас тартады.

Сауда кəсiпорны талап арызбен төрешi сотқа барады. Дəлелi ретiнде сауда кəсiпорнының тараптар келiсiмi бойынша белгi-ленген талап қою тəртiбiн ғана емес‚ сонымен қатар арыз берушiнiң тараптар белгiлеуi бойынша 30 күндiк наразылық бiлдiру мерзiмiнiң ескiргенiн де көрсетедi. Фирманың пiкiрi бойынша‚ сауда кəсiпорнының талабы негiзсiз‚ өйткенi маргариннiң сатылу мерзiмiнiң өтiп кетуi жет-кiзiлген тауардың сапасыздығына дəлел бола алмайды.

Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс?

1 –құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары

2- құқықтық жағдаят

Ауыр сырқатқа шалдыққан азамат Момынов Жинақ бан-кiсiндегi өзiнiң ақша салымын бiрнеше жыл бойы iс-жүзiндегi некелiк қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенiмхат бередi. Сонда Момынов куəгерлердiң көзiнше Нұрланова осы қаражат есебiнен оны жерлеуге байланысты бар-лық шығындарын өтеп‚ ал қалғанын өз еркiмен жұмсасын деген тiлегiн бiлдiредi. Осы сенiмхат та‚ Нұрлановаға мұра бойынша автокөлiктiң жəне үй жабдықтарының өтуi

туралы өсиет те, Момыновтың емделiп жатқан ауруханасының бас дəрiгерiмен куəландырылады. Момыновтың өлiмiнен кейiн əкесiмен бiрқа-тар жылдар бойы қатынаспайтын‚ бiрақ заң бойынша Момыновтың жалғыз мұрагерi болып табылатын оның ересек ұлы Нұрлановадан Жинақ банкiде Момынов атында сақталған ақша са-лымының барлық сомасын берудi талап ете отырып‚ оған талап арыз ұсынады.

Осы талап арыз қаншалықты негiзделген деуге болады?.

2 –құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары

3-тапсырма. Өз жұбыңызбен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріңіз:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтағы жұмысыңызға баға беріңіз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?