Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


«Менің меншігім» деген сөзді қалай түсінуге болады?

Сендер меншіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Сендер қандай жағдайда адамды меншік иесі деп атай аласыңдар?

Оның құқықтары қандай?

Сабақтың тақырыбы:

Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы

Оқу мақсаты:

10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы

ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру

10.3.1.8 Құқықтық жағдаятты талдай отырып,

меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Меншік құқығының түрлерін, ие болу тәсілдерін, тоқтатылу жолдарын анықтайды;

Қолдану

Меншік құқығының негізгі өкілеттілігіне мысал келтіреді;

Бағалау.

Жағдаяттарды талдайды, шешу жолдарын ұсынады.

Иелену хақысыменшіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

Пайдалану хақысымүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

Билік ету хақысықұқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді.

Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Тілдік мақсаттар:

меншік құқығы

меншікті иелену

меншікті пайдалану

меншікке билік ету

жеке меншік

мемлекеттік меншік

Меншік құқығы дегеніміз (...)

Меншікті иелену

Мешікті пайдалану

Меншікке билік ету

Мынадай меншік түрлері бар: (...)

Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктен ерекшеленеді, себебі (...)

Меншік иесі бола аламын, себебі (...)

Білу.Түсіну. Төмендегі тақырыптарды топпен зерттеуге беріледі. Топтық жұмысты постер немесе семантикалық карта арқылы қорғайды.

1-топ. Меншік түрлері.

2-топ. Ие болу түсінігі.

3-топ. Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері.

Дескриптор.

Оқушы

Меншік түрлерін біледі;

Меншік құқығына ие болудың бастапқы тәсілдерін біледі;

Меншік құқығына ие болудың туынды тәсілдерін біледі;

Меншік құқығын ерікті тоқтату тәртібін анықтайды;

Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерін анықтайды;

№3 Қолдану. Жұптық жұмыс.

Азаматтық кодекстің 188-бабына сүйене отырып, меншік құқығы және оның негізгі өкілеттілігіне мысал келтіріңіз.

Дескриптор:

Азаматтардың меншікті иелену құқықтарын анықтайды;

Меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды;

Мәселенің шешу жолдарын ұсынады;

Бағалау. Кейс технологиясы.

Топтарға құқықтық жағдаяттар таратылады.

Үй тапсырмасы.

«Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңыздытақырыбына 200 сөзден кем емес хабарлама жазады.

Эссенің құрылымы:

1.Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.

2.Негізгі бөлім. Тақырып бойынша қысқаша шолу. Аргумент. Дәлел. Факт. Контраргумент. Дәлел. Факт.

3.Қорытынды. Тұжырым. Оқушы қандай шешімге келді.

Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақтан не білдіңіз?

Не үйрендіңіз? Нені білгіңіз келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?