Мәміле түсінігі және оның түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

Тарау:

Азаматтық құқық жүйесі

Сабақ тақырыбы:

Мәміле түсінігі және оның түрлері

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Уақыты: 21.01 – 25.01.2019 ж

Мұғалімнің аты - жөні: Капарова К.У.

Сынып: 9

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Мәміле ұғымы және оның түрлері туралы түсінік қалыптастырады

 Жетістік критерийлері

Азаматтық кодексті қолданып, мәміле ұғымын анықтай алады

Азаматтық кодексін қолданып, мәміле ұғымын сипаттайтын тапсырмалар (постер, сенімхат т.б) орындай алады

  • Берілген жағдаятты талдау арқылы мәміле түрлерін анықтай алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәміле түрлеріне қатысты жағдаяттарды ауызша талдайды (айтылым дағдысы)
  • белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары

Пәннің лексикасы мен терминологиясы:

Азаматтық құқық, мәміле, шарт.

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Мәміле дегеніміз (...)

Ауызша және жазбаша мәмілелер

Екі жақты және көп жақты

Шарт жасау қажет, себебі (...)

Шарт түрлері (сатып алу сату, кепіл хат, және т.б.)

 Құндылықтарды дарыту

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі, жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнебаян

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

Миға шабуыл

№1 слайд арқылы тақырыпты болжау.

Оқушыларды сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқыту ресурстары

Презентация

Ортасы

Б «БББ» кестесімен жұмыс жүргізу. Сынып оқушылары алдыңғы тоқсандағы өткен азаматтық құқықтағы білімдерін бірінші бағанаға жазады. Екінші бағанаға бүгінгі сабақта нені білгілері келеді соны жазулары керек.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

2-3 оқушы жазғандарын оқиды, қалғандары толықтырады.

Мұғалім кері байланыс береді.

3 бағанды сабақ соңында толтырады.

Мәтінмен жұмыс

Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. 

Сенімхат – бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:

Мұрагерлік – қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы. Мұрагерлік өсиет заң бойынша жүзеге асырылады. Кісі мүлкін бір немесе бірнеше адамға, тұтастай не бір бөлігін ғана қалдыра алады.

Айырбас шарты (ағылш. barter agreement;) Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады.

Сатып алу-сату — азаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.

Саралау тапсырмалары:

Оқушылар мәтінді және ғаламторды пайдаланып, мәмілелер үлгілерін негізге алады.

1 топ – Сенімхат

2 топ – Сату- сатып алу

3 топ – Мұрагерлік

4 топ – Айырбас

Критерий:

1. Мәміле жасау тәртібінің сақталуы.

2. Құжатты жасау сауаттылығы.

3. Нормативтік құқықтық актілерге сүйену

Топтар жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минут

Топтар критерийлер бойынша бірін- бірі бағалайды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Жеке жұмыс. Сөйлемді аяқта

Критерий:

1. Көп нүктенің орнына өз білімін пайдаланып сөйлемді толықтырады.

2. Жауап нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.

Мәміле дегеніміз (...)

Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге ................ деп бөледі.

3. Екі жақты мәмілелер............ болып табылады және сату – сатып алу, айырбас, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады. 

Тапсырма тексеріліп, кері байланыс беріледі.

Тапсырма

ББҮ кестесінің 3 бағанын толтыру.

Тапсырма тексеріліп, кері байланыс беріледі.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

ҚР Азаматтық кодексі

Соңы

Рефлексия:

«Бес саусақ» әдісі

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімге риза болдым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау тапсырмаларын дайындадым.

Топтардың бірін- бірі бағалауы. өзін- өзі бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақты болжау арқылы тақырыпқа шығып, одан әрі проблеманы анықтау өте сәтті шықты.

2: 4 топқа 4 түрлі саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай орындай алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Қолжетімді саралау тапсырмалар арқылы оқушылар қолданыстағы тілді академиялық тілге жеткізуге тырысты.

2: жұмысты ұйымдастыру формалары: топтық, жұптық және жеке жұмыстарды оқушылар қызығушылықпен орындады.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Оқушыларға шығырмашылыққа жетелейтін тапсырмалар беру.

2.Тілді дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану (CLIL).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?