Азаматтық құқықтың объектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бекітілді:
Пәні: Құқық негіздері | Мектеп: Алматы қ., ХББ НЗМі | ||||||||
Сынып: 10 | Мұғалімнің аты-жөні: Куликенова Г.Х. | ||||||||
Тақырыбы:Азаматтық құқықтың объектілері | |||||||||
Кәсіби даму мақсаты : «Оқушылардың сыни ойлау қабілетін жеке мүмкіндіктеріне қарай саралау тапсырмалары арқылы дамыту» | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.4.Азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу; 10.3.1.5. Нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау; | ||||||||
Сабақтың мақсаты | Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсіндіру. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Кейс технологиясы негізінде проблемалық жағдаятты талдау барысында оқушылардың оқылым, айтылым дағдылары дамытылады | ||||||||
Алдыңғы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін мүліктік және мүліктік емес қатыныастарға қатысты ақпараттарды қолданады. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланатын шаралар | Дереккөзі | |||||||
Сабақтың басы | Төрт түрлі – түсті стикерлерді пайдалану арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. | Презентация. | |||||||
Сабақтың ортасы | Азаматтық құқықтың объектілері Миға шабуыл М Сұрақ: Азаматтық құқықтың объектілері дегенді қалай түсінесіздер? Оқушылар жауабын тыңдаған соң өзіңіз толықтырыңыз. Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасын былай беруге болады: азаматтық құқықта объектісі дегеніміз – ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталған (ықпал ететін) заттар болып табылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқықтың объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Б Мәтінмен жұмыс. Азаматтық құқық объектілері көрініс тапқан мәтіндер ұсынылады. Критерий: 1. Азаматтық құқық объектісі анықтамасын салыстыру. 2. Азаматтық құқықтың негізгі объектілерін анықтау. Объекті – бұл азаматық құқық қатынасының пайда болуына себепші болатын құндылық. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңізше нақтылау және неліктен? Ж ТапсырмаМәтінді қалпына келтіріңіз. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, _____________және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —____________________игіліктермен (мүлік, ___________, құнды қағаз, қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру,____________________. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар _______________________ құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, қадірі, ары, атақ- абыройы, іскерлігі және ____________________, өз есіміне құқығы, авторлық құқығы т.б. жатады. Керекті сөздер: Мұраға қалдыру, мүліктік емес, ақша, отбасы құпиясы, пайдалану. Өзара бағалау. Кері байланыс. Б/Т Кейс- стади технологиясы Атақты Астаналық клоун Н. Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, олармен ТМД бойынша гастрольде жүріп, үлкен жетістіктерге жеткенін біледі. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқықтық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғала ма? Критерий:
Бағалау. Кері байланыс. | Адам.Қоғам. Құқық. Қ.М.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, «Мектеп», 2009 ж. Адам.Қоғам. Құқық. 9 сынып. Әдістемелікқұрал. Қ.М.Жүкешев, Г.А Бейсебекова, Г.С.Асанбекова | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Үйге тапсырма. | ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік АКҚ байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элементі) | |||||||
Мұғалім сынып оқушыларын топтарға бөліп оқыту арқылы коммуникативті дағдыны ғана дамытып қоймай, сонымен қоса қабілеті жоғары оқушылардың қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетуін де қамтамасыз етеді. Қабілеті төмен оқушылар талқылаған мәселелерді айта алса, қабілеті жоғары оқушы жеке тәуелсіз пікір айтады, оның үстіне күрделі сұрақтарға жауап береді. Мұғалім сабаққа топтың барлық мүшелері тегіс қатысып отыруын қамтамасыз етуі керек. | топтардың маңыздылықты талқылауына қатысып, қажетілікке қарай қолдау көрсету Топ оқушыларының шешімдерін ұсынуы кезінде тақырыпты және маңыздылық талаптарын түсінуін бағалау | ||||||||
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз: Ойлану: Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Қандай оқу жағдайы қалыптасты? Оқу дифференциациясы тиімді дайындалған ба? Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Мен жоспарыма неліктен және қандай өзгерістер енгіздім? | Рефлексия | ||||||||
Жалпы бағалау: Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті туралы пікір жазыңыз)? 1: 2: Қандай екі жағдай сабақты жақсы өткізуге септігін тигізеді (мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті туралы пікір жазыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында жалпы сынып туралы және жеке оқушы туралы не білдім? Бұл келесі сабақтарға жақсы дайындалуыма қандай көмек береді? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?