Азаматтық құқықтың объектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Азаматтық құқықтық субъектілері

Азамттық құқықтың объектілері ретінде не болуы мүмкін?

міндеттері

Азаматтық кодекс

Шарт

Азаматтық құқықтың қағидалары

Азаматтық құқық деген не?

Азаматтық құқықтың объектілері

 

Оқу мақсаттары:

10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу

10.3.1.5 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийлері:

Азаматтық құқықтың объектілеріне қатысты кластер сызады.

Азаматтың құқық кодексінің 3-тарау, 115 бабына қатысты аналитикалық талдау жасайды.

Жеке мүліктік емес құқықтарға 4-5 мысал келтіреді.

Мүліктік және мүліктік емес құқықтарды венн диаграмма арқылы салыстырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

азаматтық құқық

құқық қабілеттілік

әрекет қабілеттілік

меншік

тараптардың теңдігі

шарт еркіндігі

меншікке қол сұқпаушылық

біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпау

Азаматтық құқық -

құқық саласы ретінде ол мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық қайнар көздері:

ҚР Конституциясы -1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

ҚР Азаматтық кодекс (2017.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жалпы бөлім Ерекше бөлім

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар (субъектілері):

Жеке тұлға – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ азаматтар.

Заңды тұлға – мекемелер, банктер, кәсіпорындар, мұражайлар, мектептер,.....

115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi

1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.

2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.

2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.

3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Дескриптор: Азаматтық құқықтың объектілеріне қатысты кластер сыза алады

Дескриптор: Азаматтың құқық кодексінің 3-тарау, 115 бабы бойынша аналитикалық талдау жасай алады.

Дескриптор:мүліктік және мүліктік емес құқықтарды венн диаграмма арқылы салыстыра алады.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?