Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері

Сабақтың мақсаты:

10.3.1.1. ҚР азаматтық құқықтың қайнар көздерін түсіндіру;

10.3.1.2. Азаматтық құқық қағидаттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру;

10.3.1.3 Азаматтық құқық субъектілерін анықтау.

Терминология

азаматтық құқық

құқық қабілеттілік

әрекет қабілеттілік

меншік

тараптардың теңдігі

шарт еркіндігі

меншікке қол сұқпаушылық

біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпау

Азаматтық құқық дегенімізазаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Мүліктік емес құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, қадірі, ары, атақ- абыройы, іскерлігі және отбасы құпиясы, өз есіміне құқығы, авторлық құқығы т.б. жатады.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

тараптардың теңдігі;

шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

еркіндік;

тәуелсіздік;

меншікке қолсұқпаушылық;

біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері дегеніміз азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік-құқықтық акт.

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды реттейді (6- бап)

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Азаматтық құқықтың жүйесі

Азаматтық құқық (Азаматтық Кодекс) жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі.

Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады.

Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы.

Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды.

Олар айырбас, жалға алу, сатып алу, сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.

Слайд 2

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне:

жеке және заңды тұлғалар,

мемлекет,

әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады.

Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

Заңды тұлға дегеніміз - адамның кезкелген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттары мен міндеттері, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесі бар ұйымдық бірлік.

Заңды тұлғазаң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорынмекемеұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала аладысоттатөрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады.

Үйге тапсырма:

Сұраққа жауап жазыңыз.

Не себепті АҚШ-та Азаматтық Кодексті екінші Конституция деп санайды?

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- мен үшін қызықты болды

- нені толық түсінбедім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?