Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
1 топ
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқық салаларының бірі. Құқық саласы ретінде ол мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Күнделікті өмірде азаматтардың арасында заңды тұлғалардың арасында белгілі бір қарым-қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар азаматтық құқықпен реттелетіндіктен азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Қазақстан Республикасының азаматы түрлі құқықтар мен бостандықтарға ие. Мысалы:
- Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы сақталуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.
- «Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хатының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдар мен берілген хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар…» (Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабы)
Бұл құқықтарды жүзеге асыру тәртібі азаматтық құқықпен қосымша бекітілмесе, Конституция нормалары толық мәнінде қолданыла алмайды.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқық (Азаматтық Кодекс) жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу, сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері - дегеніміз- азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік-құқықтық акт.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды реттейді(6- бап)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
Осы құқықтық қатынастарға қатысушыларды субъектілер деп атайды.
Азаматтық құқық субъектілерінің барлығын құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ерекшелеп тұрады.
Құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттерді алып жүру қабілеттілігі. Ол адамда туа сала пайда болады.
Әрекет қабілеттілігі кәмелетке жеткеннен кейін, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық пайда болады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді.
2 топ
Азаматтық құқық қағидаттарға сүйенеді. Азаматтық құқық қағидаттары осы құқық саласы үшін азаматтық-құқықтық нормалар негізіне жататын едәуір маңызды идеялар дегенді білдіреді.
- Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі. Бұл қағидаттың мәні- азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің бір-біріне бағынбайтындығы, еріктілігі. Әкімшілік құқықтық қатынастарда азамат (заңды тұлға) мемлекетке бағынады. Азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтар (заңды тұлғалар) мен мемлекет бір-бірімен тең дәрежеде қарым қатынасқа түседі.
- Меншікке қол сұғылмау. Меншік иесі заңмен шектелмеген кез келген мақсаттарға қол жеткізу үшін өз мүлкін жеке қалауы бойынша еркін пайдалануға құқылы (Азаматтық кодекстің 188-бабы). Бұл қағидаттың мәні кімді болса да мәжбүрлей отырып, меншігінен айыруға жол берілмейді дегенді білдіреді.
- Шарт жасасу еркіндігі. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілері өз қалаулары бойынша кез келген келісім шарттарды жасауға құқылы.
- Азаматтық кодекстің 144- бабына сәйкес азамат жеке өмірінің құпияларын қорғауға құқылы.
- Құқықтарын қорғау. Субъектілердің құқықтары бұзылған жағдайда құқықтарын қорғау.
3 топ
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары. Он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.
3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады. Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:— өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;— мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;— заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;— заңды тұлға құра алады;— заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;— тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;— әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;— басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады.Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.Азаматтық әрекет қабілеттілігі – азаматтың өз әркеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда,яғни 18 жастан пайда болады.
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады.
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесі бар ұйымдық бірлік.Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:1. ұйымдасқандық бірлігі;2. мүліктік оқшаулығы;3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?