Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

Тарау:

Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні: Нұсқабаев Ш.А.

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы

Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.3.1.1. ҚР азаматтық құқықтың қайнар көздерін түсіндіру;

10.3.1.2. Азаматтық құқық қағидаттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру;

10.3.1.3 Азаматтық құқық субъектілерін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері туралы түсінік қалыптастырады

Құқық және әрекет қабілеттілік ұғымдарының мазмұны ашылады.

 Бағалау критерийлері

Азаматтық кодексті қолданып, азаматтық құқықтың қайнар көздерін анықтай алады

Азаматтық кодекс, заңдарды пайдалана отырып тапсырмалар (постер, кесте т.б) орындай алады

  • Берілген жағдаятты талдау арқылы құқықбұзушылық жағдайларды анықтай алады

 Тілдік мақсаттар

Пәннің лексикасы мен терминологиясы:

  • азаматтық құқық
  • құқық қабілеттілік
  • әрекет қабілеттілік
  • тараптардың теңдігі
  • шарт еркіндігі
  • меншікке қол сұқпаушылық

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Азаматтық құқық келесі қағидаларға сүйенеді...

Азаматтық құқықтың пәні...

Азаматтық құқық... қатынастарды реттейді

Азаматтық құқықтың қайнар көзі...

 Құндылықтарды дарыту

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі, жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнебаян

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Басы

Оқушылармен амандасу

Т Оқушыларға ҚР Конституциясы баптарын ұсына отырып сабақ тақырыбына шолу жасаңыз. Оқушылар тақырыпты болжайды.

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы сақталуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.

2. «Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хатының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдар мен берілген хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар…»

Сұрақтар:

  • Бұл құқықтар қандай құжатта жазылған деп ойлайсыңдар?
  • Бұл қандай құқық саласына жатады?

Оқушылар тақырыптың азаматтық құқық туралы болатындығын айтулары тиіс.

Оқыту ресурстары

Ортасы

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топтарға мәтіндер таратылады.

Т Мәтінмен жұмыс. Азаматтық құқық ұғымы, қағидалары, қоғамдық қатынастары мен субъектілері көрініс тапқан мәтіндер ұсынылады.

Оқушылардың міндеті:

1-топ. Азаматтық құқық ұғымының анықтамасын шығару.

2-топ. Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларының мазмұнын түсіндіру.

3-топ. Азаматтық құқықтың субъектілерін анықтау.

Оқушылар топта талқылап, постер жасайды немесе кесте толтырады.

Критерий:

  • Тақырыптың ашылуы
  • Нормативтік құқықтық актілерге сүйену
  • Безендірілуі

Топтар жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минут

Топтар критерийлер бойынша бірін- бірі бағалайды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Б Оқушыларды құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік ұғымдарымен таныстырыңыз.

Б/Т Сыныпқа құқық және әрекет қабілеттілігіне қатысты жас ерекшелігіне байланысты іс әрекетін сәйкестендіру тапсырмасын беріңіз. №8 слаид бойынша тапсырманы тексертіңіз.

0 – 3

Есім иеленуге құқығы бар

3-6

Балабақшаға баруға құқығы бар

6 жастан бастап

Мектепке баруға құқығы бар

10 жасынан бастап

Заңды тұрғыда шешім қабылдау құқығы (ажырасу барысында кіммен қалуын таңдау жасайды, баланың пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескеруге міндетті)

14-18

Өз табысы, стипендиясы, басқа кірістеріне иелік ету құқығы

18

Толық әрекет қабілеттілікке ие

25

Судья болуға құқығы бар

40

Президенттіке сайлануға құқығы бар

Т Жағдаяттарды талқылап, шешім шығарыңыздар.

  • - топ.

Айдар 14 жаста. Ол жазғы демалыс кезінде автокөлік жуып табыс тапты. Әкесіне жалақысын өзі жұмсайтынын айтты. Оның осы әрекеті дұрыс па?

  • -топ.

Исмаилов туысы Қанатбековтен саяжай сатып алуды ресми құжаттарсыз жүзеге асыруды ұсынды. Саяжай құнының 70%- ын төлеп, қалғанын 1 ай ішінде әкеліп беруге міндеттенді. Бірақ сол кеткеннен келмеді. Қанатбеков не істейді?

  • –топ.

Настя 10 жаста. Ол анасы сатып әперген қымбат планшетін құрбысының 2 томдық балалар энциклопедиясына айырбастап алды. Себебі оны өз меншігім деп есептейді.

Критерий:

1. Іс- әрекеттің дұрыс- бұрыстығын анықтайды.

2. Құқықтық нормаларға сүйеніп дәлелдейді.

Кері байланыс.

Ж Сөйлемді аяқта

Критерий:

1. Көп нүктенің орнына өз білімін пайдаланып сөйлемді толықтырады.

2. Жауап нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.

Азаматтық құқық келесі қағидаларға сүйенеді...

Азаматтық құқық... қатынастарды реттейді

Азаматтық құқықтың қайнар көзі...

Азаматтық құқықтың субьектілері...

М Кері байланыс

https://www.youtube.com/watch?v=frumK5UGz_Q

Соңы

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- мен үшін қызықты болды

- нені толық түсінбедім

Үйге тапсырма: Сұраққа жауап жазыңыз.

Не себепті АҚШ-та Азаматтық Кодексті екінші Конституция деп санайды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Мұғалім сынып оқушыларын топтарға бөліп оқыту арқылы коммуникативті дағдыны ғана дамытып қоймай, сонымен қоса қабілеті жоғары оқушылардың қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетуін де қамтамасыз етеді. Қабілеті төмен оқушылар талқылаған мәселелерді айта алса, қабілеті жоғары оқушы жеке тәуелсіз пікір айтады, оның үстіне күрделі сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім сабаққа топтың барлық мүшелері тегіс қатысып отыруын қамтамасыз етуі керек.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?