Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Нұржан есімді азамат мектепте тарих пәнінің мұғалімі еді. Жұмыс бабымен де, жекелей келгенде де директормен көп келіспей қалатыны бар. Оған себеп Нұржан өте әділ жүретін адам еді. Директор осы әрекетті үшін Нұржанды ұнатпайтын. Себебі мектеп директоры заңсыз әрекеттерге көп баратын. Мысалға жаңадан келген қызметкерлерден қызметке орналасқаны үшін ақша алатыны бар. Міне осы ісі Нұржаның ызасына тиетін. Бір күні Жанат есімді әйел мектепке дене шынықтыру пәні мұғалімі болып орналаспақшы болды, бірақ бір кедергі барын кеш білді. Амалсыздан жұмыссыз жүргеннен тәуір ғой деп 300000 теңге берді. Осы әрекетпен Нұржан таныс болғандықтан директорды ұстап берді. Бірақ істің артынан Нұржан аяқ асты соққыға жығылады, көптеген қысымдар көреді. Жан-жақтан көрсетілген қысымға Нұржанның шамасы келмеді.

 Сұрақ: Нұржанға кімдер көмек көрсете алады? Нақты дәлелдермен жауап беру қажет.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн

адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi

1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртiппен көтермеленедi.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?