Қылмыстық жаза түсінігі және одан бостау шарттары, Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қылмыстық жаза түсінігі және одан бостау шарттары

10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау

10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау

Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

Жазаның түрлері:

А) айыппұл салу;

Ә) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Б) қоғамдық жұмыстарға тарту;

В) түзеу жұмыстары;

Г) әскери қызмет бойынша шектеу;

Ғ) бас бостандығын шектеу;

Д) абақтыда ұстау;

Е) бас бостандығынан айыру;

Ж) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.

Сотталған негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар: а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік мәртебелерінен айыру;

ә) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі рақымшылық немесе кешірім жасау.

Рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады.

Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Бұған қоса сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін, кейде мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылады. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондайақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.

1- тапсырма Жағдаятты талда Топтық жұмыс

Дескриптор: Оқушылар жағдаяттарды оқып, оның шешу жолдарын ұсынады.

а) Қаржы комитетінде қызмет ететін А есімді тұлға мемлекеттік қазынадан 14 миллион теңгені жалтарып қалды. Тексеріс уақытында А есімді тұлғаның қылмыс жасағаны туралы мәлім болды. Ендігі уақытта А есімді тұлғаның тағддыры қалай болмақ? ________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

б) 19 жастағы 3 жасөспірім түнгі клубта төбелес бастап, бірнеше жігіттің денсаулығына зиян келтірді. Түнгі клубтан ұсталған 3 жігіт өз кінәларын мойындап, бүкіл медициналық шығынды өтеуге дайын екендерін айтып, зәбір көргендерден кешірім сұрады. Сот қандай шешім қабылдауы керек? _________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

в) Қала әкімдігінің екі лауазымды тұлғасы басқа екі адаммен бірігіп жарнама агенттігін құрады. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекетін заңға сәйкес деп тануға бола ма? ___________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?