Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары, Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары

Мектеп:

Уақыты:1 сағат

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

10.2.4.5 Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау

 Сабақтың мақсаты

Оқушыларды қылмыстық құқық бұзушылықты ҚР Қылмыстық Заңының баптары бойынша жағдаяттарды анықтатып,баға беру.

 Тілдік мақсаттар

Қылмысты жеңілдететін және ауырлататан жағдайларды анықтау арқылы(айтылым дағдысы),ҚР Қыдмыстық Заңы бойынша баға бергізіп(жазылым дағдысы).

 Терминдер

  • Жаза
  • Қылмыстық құқық бұзушылық
  • Жаза шарттары

Алдыңғы меңгерілген білім

Қылмыс оның құрамы бойынша түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту

ресурстары

Басы

5 мин

Б Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп «Саусақ ұшындағы» білімдерін жинап алу.

М – Қылмыс дегеніміз не?

  • Қылмыстың белгілері қандай?
  • Қылмыстың құрамына нелер жатады? Т.б.с.с.

Оқушылардың жауаптарын пайдалана отырып, сабақтың жоспары, тақырыбы және мақсатымен таныстырылады.

Жаза туралы қысқаша түсінік беріледі. Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

 (Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6)

Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.Жазадан босатудың шарттары жайлы мысалдар арқылы түсінік беру.Әр түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың толық түсінгеніне көз жеткізген соң тапсырма беру.

ҚР Конституциясы

ҚР Қылмыстық Кодексі. http://adilet.zan.kz.

ҚР Қылмыстық Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Ортасы

Сабақтың соңы

Топтық/жұптық жұмыс.

Оқушыларға мәтін беріледі. Сыныпты 3 топқа/жұпқа бөліп, конвертке салынған тапсырмалар ұсынылады.

Әр топ/жұп мәтінді(ҚК 52,53,54 баптарды) оқып шығып, , жазаның не үшін қолданылатынын, қай түріне жататынын (жеңіл,ауыр) анықтап талдайды.

Мәтінмен жұмыс.

  • Жаза не үшін тағайындалатынын анықтау.
  • Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар.
  • Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар.

Ж.Әр жұп/топ.Назар аудару керек:жауапты дұрыс түсіндіруге, құқықтық терминдерді орынды қолдануға, мәселелердің салдарын анық көрсетуге.

Б. Оқушылардың жауаптарын пайдалана отырып тапсырманың негізгі жауаптары нақтыланады. Әр жұптың негізгі ойлары тыңдалады.

Бағалау дескрипторы.

1

Жауабын түсіндіреді.

2

Құқықтық терминдерді орынды қолданады.

3

Салдарын анық көрсетеді.

Кері байланыс. Оқушылар түсінгендері бойынша өз стикерлерін қажетті орындарға қояды.

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау.

kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/

3-БӨЛІМ. ЖАЗА

39-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

      1. Жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

      2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

40-бап. Жаза түрлерi

      1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар:

      1) айыппұл;

      2) түзеу жұмыстары;

      3) қоғамдық жұмыстарға тарту;

      4) қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.

      2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:

      1) айыппұл;

      2) түзеу жұмыстары;

      3) бас бостандығын шектеу;

      4) бас бостандығынан айыру;

      5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

      3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:

      1) мүлкін тәркілеу;

      2) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

      3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

      3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;

      4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін.

5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ

65-бап. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, азаптаулар, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Көрсетілген шектеу он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.      

66-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату

      Қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан туындаған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен шыққан адам iстiң мән-жайлары ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

67-бап. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

68-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

      2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      4. Осы баптың ережелері азаптаулар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс, абайсызда жақын туыстарының өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.      

69-бап. Кепiлгерлік белгіленуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бабының бөлігінде негізгі жазаның өзге де түрлерімен бірге айыппұл көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамды сот кепілгерлік белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

      2. Кепiлгерлік белгілеу кепiлгер болатын жеке тұлғаның – жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың екі еселенген мөлшеріне тең мөлшерінде, ал заңды тұлғаның – он еселенген ең жоғары мөлшерінде кепіл енгізуінен тұрады.

      3. Кепiлгерлік мерзімі:

      1) қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – алты айдан бір жылға дейін;

      2) онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде – бір жылдан екі жылға дейін;

      3) ауырлығы орташа қылмыс жасалған кезде – екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді.

      4. Егер қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған болса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.

      5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне алынады.

      6. Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

70-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер iс сотта қаралған уақытта жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған іс-әрекет қоғамға қауiптi болудан қалды деп танылса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.

      2. Қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам, егер осы адамның содан кейiнгi мінсіз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта оның қоғамға қауiптi деп есептелмейтіні анықталса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер:

      1) қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін бір жыл;

      2) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейiн екi жыл;

      3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейiн бес жыл;

      4) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейiн он жыл;

      5) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiн он бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      2. Ескіру мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

      3. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуi жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды және үзілмейді.

      4. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімдерінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімдерінің өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап қайта басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескіру мерзімі үзілмесе және мынадай мерзімдер:

      1) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

      2) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

      3) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл;

      4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

      Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiм өткенге дейiн жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады. Өзге жағдайларда, егер ескіру мерзімі өткенге дейiн адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбiр қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес өтедi.

      5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп таппаса, онда өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

      6. Бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды.

      Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

      1. Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.

      Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.

      Адамдардың қаза табуына әкеп соқтырмаған және аса ауыр қылмыстың жасалуымен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, егер ол террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса, сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

      Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

      2. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде сот осы Кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылауды белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.

      3. Сотталған адам:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;

      2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

      3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;

      4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;

      5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.

      4. Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;

      2) ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;

      3) адам өміріне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;

      4) адам өміріне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс не осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіз бойынша жойылған болса;

      5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

      5. Сотталған адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

      6. Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейдi деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемiнде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

      7. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:

      1) екі және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, олар үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе, сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы шығара алады;

      2) қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек қылмыстық теріс қылық, қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады;

      3) қылмысты қасақана жасаса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.

      8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамға, адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған адамға, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамға қолданылмайды. Көрсетілген шектеу он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

      Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).      

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту

      1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

      2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның қалған өтелмеген бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған адам жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

      Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

      3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

      4. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен не процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін қысқарта алады.

      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).      

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

      1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.

      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынуы бойынша жазаны өтеуді кейiнге қалдырудың күшін жойып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.

      3. Жазаны орындаудың кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген не жүктiлiгi үзiлген жағдайларда, сот сотталған адамның мінез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе тағайындалған жазаны неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстыруы не сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

      4. Егер сотталған адам жазаны өтеуді кейінге қалдыру кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.

75-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

      2. Өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа және жазалануға жатады.

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру

      1. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталған адамды, егер өрт немесе дүлей зілзала, отбасының еңбекке қабілетті жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан оның отбасы үшiн аса ауыр зардапқа әкеп соққан мән-жайлар туындаса, сот жазадан босатуы мүмкiн.

      2. Террористік немесе экстремистік қылмыс не қылмыстық топ құрамында жасалған немесе кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарды қоспағанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуiн сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген негiздер болған кезде, үш айға дейiнгі мерзiмге кейiнге қалдыра алады.

      Жазаны өтеуді кейінге қалдыруды шектеу он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты қылмыс жасалған жағдайда кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

      Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).      

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде:

      1) қылмыстық теріс қылық үшiн сотталғанда – бір жыл;

      2) онша ауыр емес қылмыс үшiн сотталғанда – екі жыл;

      3) ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталғанда – бес жыл;

      4) ауыр қылмыс үшiн сотталғанда – он жыл;

      5) аса ауыр қылмыс үшiн сотталғанда он бес жыл мерзiмде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады.

      2. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімінің өтуі, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан, тоқтатыла тұрмайды және үзілмейді.

      3. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуi адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өтіп кеткен ескіру мерзімі есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкiмi, егер оның шығарылған уақытынан бастап жиырма жыл өткен болса және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу кейінге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзімінің өтуі кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      4. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескiру мерзiмiн есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады.

      5. Өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкiн болады деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмiр бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімдері қолданылмайды.

      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.      

78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

      1. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады.

      2. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнің негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен сотталғандығы алып тасталуы мүмкiн.

      Кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.

      3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген белгiлi бiр жеке-дара айқындалған адамға, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамға кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.

      4. Қылмысы үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан кешiрiм жасау актiсiмен сотталғандығы алып тасталуы мүмкiн.

      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).      

79-бап. Сотталғандық

      1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейiн сотталған болып есептеледi. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы айқындалған кезде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

      2. Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ деп танылады.

      3. Сотталғандық:

      1) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты – пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң;

      2) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiне сотталған адамдарға қатысты – жазаны іс жүзінде өтеген соң;

      3) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өткен соң;

      4) ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өткен соң;

      5) аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өткен соң жойылады.

      4. Егер сотталған адам Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi жазаның неғұрлым жеңiл түрімен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзiмi жазаның іс жүзінде өтелген мерзiмi негiзге алына отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

      5. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда сотталғандықты жою мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.

      Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның негізгі түрін өтеу кезінен бастап есептеледі.

      6. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде, сотталғандық әрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жою мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.

      7. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, онда сот оның өтiнiшхаты бойынша сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан сотталғандықты алып тастай алады.

      Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

      8. Егер сотталған адам сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн қайтадан қылмыс жасаса, сотталғандықты жою мерзiмiнің өтуі үзіледі. Бiрiншi қылмыс бойынша сотталғандықты жою мерзiмi соңғы қылмыс үшiн негiзгi және қосымша жаза түрлерін іс жүзінде өтегеннен кейiн қайтадан есептеледi. Бұл жағдайларда адам екi қылмыстың анағұрлым ауыры үшiн сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн олар үшiн сотталған деп есептеледi.

      9. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған жазаның қосымша түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, сотталғандыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды.

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау.

kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.   Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.

Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:1). Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;2). Кінәлінің жеке басы;3). Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-қ±лқы;4). Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;5). Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;6). Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.Қылмыстың қоғамға қауіптілігі - бұл ҚК-нен қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының объективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық қ±қық теориясында екі категория: қоғамға қауіптілік сипаты (сапалық бЖаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәт. Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді.Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды басшылыкқа алады.Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге кандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек.ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынадай үш критерийден тұрады. Сот жазаны:1)  ҚК-тің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар шегінде;2)   ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;3)  қылмыстың сипаты мен   қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, қылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның   сотталған адамның түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.Осы критерийлерді қарастырайық:1. Сот жазаны ҚК-тің тиісті баптарында белгіленген шекте тағайындайды. Бұл — сот жазаны ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкер жасаған қылмыс сараланатын баптың санкциясы шегінде ғана тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігінің санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот бұл баптың санкциясы бойынша белгіленген ең көп және ең аз мерзімдер шегінде жаза тағайындауға тиіс.Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндіктер береді.Балама санкцияларда екі және одан көп негізгі жазалар көрсетіледі, сот оның кез-келгенін таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың көпшілігі балама. Олар жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін анықтауға көп мүмкіндік береді.Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды (мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша жеті жыл).Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көзделген ең төменгіден (төменгі шектен) төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік принципінің өзінше көрінісі.2.   Сот  жазаны   ҚК-тің  Жалпы   бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп тағайындайды. Бұл   жазаның   кейбір   түрлерін   қолданудың мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне қатысы бар ҚК-тің жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың басшылыққа алуы тиіс екендігін көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 359-бабындағы санкцияда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Бұл бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, ҚК-тің 48-бабындағы жағдайларды ескергенде, алты ай деп белгіленген. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот алты айдан екі жылға дейінгі мерзімді тағайындау керек.Жаза тағайындай отырып сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды, жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті екендігін анықтайды.Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын ескереді.Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшері жөніндегі 57-баптың 1 бөлігіндегі жағдайды соттың ескеруі тиіс.Егер адам бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды күшіне енгенше қамауда ұсталған уақытты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзіміне жатқызу жөніндегі 62-баптың 3 бөлігінің талабын соттың ескеруі қажет.Жаза тағайындай отырып, сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген мақсаттарды көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы орын алса, онда сот ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал кайталанған қылмыс болса - ҚК-тің 59-бабында белгіленген тәртіп бойынша жаза тағайындайды. Соттың ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған басқа жағдайларды да ескеруі қажет. Атап айтқанда, шартты түрде соттау немесе жаза өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады (ҚК-тің 63, 72,74-баптары).Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңның жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасағанда заңдылықтың өрескел бұзылуы болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.3. Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа қылмыстық заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді.Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық  ниетпен   немесе   жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар   да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза   да қатаң болуы тиіс,  және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдану керек.Сонымен қатар соттар жасалған қылмыстың тек коғамға қауіптілік сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға қауіптілік сипаты - сапалық көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі — сандық көрсеткіш.Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты.Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі) қауіптілігі аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2 бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген теңіз қарақшылығынан қауіптірек.Қылмыстың бір түрінің өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа мән-жайлардың жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне, айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі заң талабы әділ жаза тағайындаудың бірден бір алғы шарты болып табылады.Егер сот қылмысты   кімнің жасағанын,   жазаны кімге қолданатынын дұрыс анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда жалпы қылмыскер деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.Әдебиеттерде «адамның жеке басы» деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға ретінде көрсететін, оның өзіндік қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген (8, 6-36 б).Адамның жеке басы деген ұғым - оның қоғамдық мәнін, адамның әлеуметтік-психологиялық және дара биологиялық ерекшеліктерін қамтиды.Арнаулы алдын алу, қылмыскерді түзеу сияқты жазаның мақсаттарына қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол жеткізуге болады.Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар екендігін білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын, үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін, жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.Заң және қылмыстық заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.елгі) және қоғамға қауіптілік дәрежесі  (сандық белгі) арқылы ашылады.

2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататан мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау көзінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үұлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға кұқылы емес.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе женілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 каулысының 4-тармағында:

«ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылмайды» — деп көрсетілген.

Егер ҚК-тін 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбанды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болын мына төмендегілер есептелінеді:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан көйін зардап шегуіпіге тікелей медициналық және өзгеде көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілгөн мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өлге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзгеде тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) қажетті корғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе әкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жата айтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәіижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану көзінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.

3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабыңда қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен - өзі жаза тағайындау көзінде қайталап ескеріле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетущі мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазанын неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:

1.Мән-жайлардың кездей соқтоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін бірішіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.

2.Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкеңдерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінін, тентектігін керсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны, еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотынын Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.

3. Жүкті әйелдін қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылықка ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу — осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұңдай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы көміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.

4. Айыпкердің жас балалары болуы.

Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.

5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және езге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер көзінде ауруханаға жеткізіп, әлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, үрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адам-ның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бүрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мұлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетті шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одаы күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.

6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.

Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау ушін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдық жетіспеушілікке, жұмысындағы, отбабындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің биморальдық тәртібіне, тұрғын үйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, оқуына байланысты жәйттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сияқты мәселөлері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-кұлқылың пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондықтанда мас болып, ауыр материалдық, жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе басқа да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсоқ, олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағданда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардын қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.

7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.

Осы жағдайлардың жауаптылықты женілдетудің қатарына жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз кендірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу себепті өз ойын-емес, соның ойын іске асырады. Ондай жағдайларда болған күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз кендіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретіңде жауапқа тартылуы да мүмкін. Қорқыту, еріксіз кендіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттер жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті қолданамын деп қорқытын, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, сонын, асырауында болуы немесе өмір суруі материалдық жағынан соған тікелей тәуелді болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы айтылады.

Басқа жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылық, туыстық жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.

8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.

Қылмысты қажетті қорғану шебінен асса да, қоғамға кауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жекеадамға, тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Қорғану шегінен асса да, ол аса қауіпті емес қылмысты қоғамға қауіпті қиянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстық кодекстің 99,109-баптарында көрсетілген қажетті қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса қауіпті емес түрін сипаттайды.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбүрлік қажеттіліктен, қылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі қажеттіліктің шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны паңдаланбауы, т.б. әрекеттер.

Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі қажетті әрекет. Бірақта қылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстың мәні мен ұстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру қылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген қылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылық бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, денө мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілерге, нұсқаулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамның өмірін сақтап қалу үшін оған бауыр, ми, жүрек сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе нормативті актілермен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зерттеу және талқылау;

— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижені анықтау;

— эксперимент жасауға адамның келісімін алу.

Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, онда қылмыстық жауапкершіліктің болуы сөзсіз. Бірақ заң мұндай жағдайды жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі құқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілген барлық шарттарды қатаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның ұқыпсыздығынан немесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірақ бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы. Кейде жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық қатынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен түскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиян келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзелісін тудырады, осы себепті ол ашумен қылмыс істейді.

Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету, қатты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.

Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқыла саналы түрде бақылау жасау қабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақта мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, себебі адам өзінің әрекетін сезуден, өзінің іс-әрекетіне есеп беруден және оны басқару қабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі түрде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар қылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатқызылады.

Физиологиялық аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Шынжүректен өкінуге қылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрекетіне шым жүректен өкініш білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім барлық жағдайларды бүкпесіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері жатады.

Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жашанды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық қолдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыққа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.

Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жаңа қылмыстардың жасалуына тыйым салуға кемектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге бөлсенді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмысқа кімдер қатысты, қайда тұрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүліктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотқа бұдан басқа да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға кұқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айырықша белсенді роль атқару;

д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардын заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;

д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;

о) қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып, қылмыс жасауы;

п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

2. Егер осы баптың бірішді бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап өскерілмеуі керек.

3. Жаза тағайындау көзінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың мазмұны төмеңдегідей:

1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы. Бұл қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11 бабында көрсетілген.

Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн: адамның бірнеше қылмыс жасауы — әсіресе қасақана жасауы, әдетте, айыпкердің қоғам үшін аса қауіпті екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ҚК-тің 58 және 60-баптарының талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарға заңды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Бірінші қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекітілген тәртіпте сотталғандығынан арылған немесе оны алын тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тің Жалпы бөлімінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.

2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру. Зардап материалдық емес, моральдық және басқа түрде болуы мүмкін.

Қылмыстың ауыр зардабын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты жағдайларына, соңдай-ақ қылмыстан тікелей туындаған зардапты еске ала отырып анықтайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі, басқа да мән-жайлар толық есепке алынады. Ауыр зардап касақана немесе абайсыздықпен істелетін қылмыстарда бірдей болатындықтан, ол осы қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде есепке алынады.

Қылмыстық заңның диспозщиясында қылмыстың белгісі ретінде көрсетілген жауаттгынықты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда қайтадан еске алынбайды.

3. Адамдар тобының ал;дын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің 27-30-баптарында берілген.

Осы мәселеге байлынысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардын заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдөгі №1 қаулысының 15-тармағында мынадай түсініктер берілген:

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыс үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылады, сондықтан соттар қылмысқа қатысу түрін және қатысушыларды дұрыс анықтағаны жөн. ҚК-тің 31-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қылмысты саралау белгісі ретінде қылмысты адамдар тобы немесе алдынала сөз байласқан адамдар тобы жасағанды көздейтін ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары (баптар бөліктері) бойынша қылмыстарды саралау және жаза тағайындау қылмыс жасауға ҚК-тің 28-бабының 2-бөлігіне сәйкес қоса орындаушы болып танылған екі немесе одан да көп адам бірлесіп қатысса ғана мүмкін болады.

Қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық сыбайластық жасаған реттерден басқа, бір орындаушы жасаған қылмысқа ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуы бұл әрекетті адамдар тобы жасады деп саралауға және ҚК-тің қылмысты саралау белгісі ретінде оны адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыстарды көздейтін баптары (баптар бөліктері) бойынша жаза тағайындауға негіз бола алмайды.

4. Қылмыс жасағанда айрықша бөлсенді роль атқару. Адамның қылмысты жеке өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді роль атқаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс істеуге ұзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда топқа қатысушылардың әрқайсысының айырықша ролі жеке-жеке ескеруге жатады.

5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамды немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту.

Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кесірін тигізеді, ауру адамды қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін жауапкершіліктен тысқары қалдыруды кездейді. Мұндай жағдайдың қылмысты ауырлататын мән-жайға жататындығы сол, қылмыстың субъектісі, оның зұлымдық қылмысты ниетін басқа адамдардың қолымен — жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыстық құқық теориясында мұндай әрекетті біреу арқылы орындаушылық деп атайды. Біреу арқылы орындаушылықка қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың субъектісі болып танылмайтын жас баланы немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей істейді. Мұндай жағдайларда жас бала немесе ауру адам қылмыс істеудің құралы ретінде пайдаланылады. Ал олардың істеген қылмысының шын мәніндегі орындаушысы жас баланы немесе ауру адамды қылмысқа пайдаланған адамнын өзі болады.

6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушілік, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды, - делінген. Ал, 19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы, - делінген.

Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітуге, сондай-ақ азаматтардың нәсілдік немесе ұлттық тегіне қарай олардын, құқықтарын тікелей немесе жанамалай шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артықшылықтар белгілеуге қасақана бағытталған іс-әрекеттерді қылмыстық заң қылмыс құрамына жатқызады. Бұл жерде басқа қылмыстарды ұлттық немесе дұшпандықтың немесе араздықтың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: басқа ұлттар мен нәсілдердін өкілдерін осындай ниетпен қорлауға, оларға жала жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатын салуға, мүліктерін жоюға, бұзақылық және басқа қылмыстарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез келген қылмысты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыру мақсатымен істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Басқа адамдардың заңды әрекеттері үшін кектенушіліктен қылмыс істегені үшін жазаны күшейтудің себебі сол, бұл жерде қылмыскер басқа адамға заңды әрекеттер істеуге кедергі келтіру, олардың заң қозғайтын құқысы мен мүддесіне қол сұғып отыр. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатымен қылмыс жасауда да жазаны күшейтудің себебі сол. Бұл жерде қылмыс жасаған адам екі бірдей қылмысты қатар істеп отыр. Мысалы, өзінің ұрлығын көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп кету. Немесе қылмысқа кедергі жасаған күзетшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б. әрекеттер.

7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.

Жас балаға, әөрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға я кінәлінің біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеуі. Қылмыстық құқық бойынша жас бала деп жасы он төртке толмағандар жатады. Кәрі адамдар мен кәрілік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан, соған сәйкес қылмыскерге қарсылық көрсетуге қауқары жоқ адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінің ақыл-есінен айрылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты қылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер деп кінәлінің оның әйтеуір жүкті екендігін дәлме-дәл біле тұра, соны сезіп, біліп, жәбірленушіге қарсы қылмыс істеуі болып табылады. Жас балаға, кері немесе дәрменсіз халдегі адамдарға, сондай-ақ біле тұра жүкті әйелге қарсы қылмыс істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын ерекше белгілер болып табылады. Айыпкерге тәуелділік материалдық лауазымдық және басқадай болуы мүмкін.

Материалдық тәуелділік деп басқа адамның кінәліге негізгі немесе қосымша өмір сүру жағдайына байланысты кіріптарлығын айтамыз. Мысалы, жас балалардың, ата-аналардың, зейнетақы алмайтын ата-аналардың балаларына материалдық тәуелділігі.

Лауазымдық жөніндегі тәуелділік деп тікелей немесе жоғары тұрған басшыға бағынышты болуын айтамыз. Басқадай тәуелділікке туыстық, ерлі-зайыптылық қатынастар жатады.

8. Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау.

Өзінің қызметін немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамды өлтіру — қасақана кісі елтірудің ауыр түрі болып табылады, ол туралы арнаулы қылмыс құрамы бар. Мұндай жағдайлардағы кінәлінін, әрекеті арнаулы заңның диспозициясымен қамтылатындықтан жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде жаза тағайындағанда тағы да есепке алынбайды. Басқа қылмыстық заңда нақты қылмыс құрамы ретінде көрсетілмеген жағдайларда өзінің қызметін немесе қорғаныш борышын атқарып жүрген адамға қарсы қылмыс істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатады.

Бұл жерде өзінің қызметін атқарып жүрген адам деп, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік немесе коммерциялық, баска да аппаратта заң бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамының функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз.

Қоғамдық борышын атқарған адам деп қоғам, мемлекет, жеке адам мүддесі үшін пайдалы іс-әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халық жасақшысына карсы қылмыс істеу, қылмысты тойтаруға қарсы әрекет жасаған адамға немесе жәбірленушіге кемек көрсетуге әрекеттенген адамға қарсы істелген т.б. қылмыстар. Аталған адамдардың туыстарына оның жақын туыстары және басқадай соларға қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте қылмыскер жоғарыда аталған қызметкерлердің туыстарына қарсы қылмыс жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады.

9. Аса қатыгездікпен, садизм мен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинай қылмыс істеу. Мұндай қылмыстар көбінесе жеке адамдарға қарсы, басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, карақшылық, бұзақылық, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатыгездікпен басқа да қылмыстар істелінуі мүмкін. Мысалы, 276-бап жануарларға қатыгездік жасау. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен қылмыс істеу қылмыскердің осы тәсілдер арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тәнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және моральдық ауырлықты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау немесе жәбірленушіні жанын кинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті корқытып талап ету, т. б. әрекеттер.

Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыққан арсыздықпен қылмыс істеп, оның ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу арқылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.

Осы айтылғандарды жауапталықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінің ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыс істеу тәсілін қолдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.

10. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзгеде химиялық фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды қолдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарылатады. Сол үшін оған қатан жаза белгіленеді. Жалпыға қауіпті тәсілді қолданып қылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң корғайтын көптеген қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қаупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдерге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтын заттарды, уландыратын газдарды паңдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданын істеу фактісі болу қажет.

11. Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де жағдайларды қылмыс жасау үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық көзінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.

Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайға — мемлекетте жаппай тәртіпсіздікке немесе басқа оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уақытқа тәртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады. Бұл туралы осы мәселеге арналған заңда нақты айтылады. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше қорғану шараларын, құзыреттерді іске асыратын арнаулы органдар құрылады. Кінәлі адамның баска уақытқа карағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыс істеуі оның жауаптылығын, сөз жоқ ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 241-бапта берілген.

12. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық елігу жағдайында қылмыс жасау. Адамның осындай күнде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығының сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптілік дәрежесінің де үлкен екендігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудін қылмысты саралау үшін маңызы шамалы. Адамның алкоголь ішіңдігін есірткілік немесе уландыратын заттарды пайдаланын мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін.

ҚК-тің 54-бабы бірінші бөлігінің «м» тармағына сәйкес қылмыстың сипатына қарай сот қылмысты мас күйінде жасауды жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселені шешу барысында соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген жағдайларды ескеруі тиіс. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр қайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т. б. жағдайлар.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы жеткізсе, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде есептелмейді. Мұндай іс-әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген жеке қылмыс құрамын түзеді.

13. Адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы. Аталған жағдайда қылмыс істеу — әр-уақытта да жазаны жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі қабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемлекеттік құпияны жариялайды, береді немесе банк қызметкері кәсіби антын бұзып салушылардың қаржыларын өзі пандаланып кетеді және т. б. әрекеттер.

14.Қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Бұл жағдайларда қызметкер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны қылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдар қызметкерлерімөн бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық кодекс нормасы арқылы реттөледі. Шарт заңды тұлғаларменде, жеке азаматтарменде бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтыи сенімді пайдаланып, қиянат жасау жауаптылық пен жазаны ауырлатын мән-жайға жатады.

15.Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау. Өкімет түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе құжатын пайдалану қылмыс істеуге зор мүмкіндіктерді туғызады. Сондықтанда мұндай мән-жайлар жауаптылықты және жазаны ауырлатуға негіз болады. Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар тұжырымды болып табылады және оны кен, мағынада талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодекстің 54-бабының 3-бөлігінде "Жаза тағайындау көзінде сот осы баптың бірінші бөлігіңде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмаңды" делінген. Осы баптың 2-бөлігінде "Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретін декөрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек" делінген. Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (96-бап 2-бөлігі "д" тармақшасы). Жауаптылықты және жазаны ауырлататын осындай мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті немесе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза тағайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлататын мән-жай деп есепке алуға болмайды.

-БӨЛІМ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында белгiленген шектерде және осы Кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

      2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана, ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалады. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарынасәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен онша қатаң емес жаза тағайындау үшiн негiздер осы Кодекстiң 55-бабында айқындалады.

      3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi оның мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

      1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

      1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау;

      2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы;

      3) жүктілік;

      4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;

      5) медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей осындай көмек көрсету;

      6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;

      7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      8) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгiне қарай қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      10) жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқы;

      11) шын ниетпен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесiнде алынған мүлiктi іздестіруге белсенді түрде ықпал ету.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететін мән-жайлар ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

      3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайтадан ескерiлмеуі мүмкін.

      Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

      1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру;

      3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау;

      4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

      5) кінәлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi көрінеу белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту;

      6) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың құқыққа сыйымды әрекеттері үшiн кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      7) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрінеу белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кінәлі адамға тәуелдi адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      8) адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      9) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      10) қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды имитациялайтын құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық препараттар пайдаланып, сондай-ақ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы қауiптi тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      11) төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      12) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауға құқылы;

      13) адамның өзi берген сертін немесе кәсiби антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;

      14) кінәлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      15) билік өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжаттарын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, судьяның өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.

      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайта ескерілмейді.

      3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлататын мән-жайлар деп тани алмайды.

      Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау

      1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі түрі көзделсе, адамды:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда;

      2) осы Кодекстің 218248 және 249-баптарында көзделгендерді қоспағанда, экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

      2. Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;

      2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен;

      3) аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен асыруға болмайды.

      3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан асыруға болмайды. Айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде тағайындалады.

      4. Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

      5. Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

      6. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, жаза осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.

      7. Қылмысқа дайындалғаны немесе оқталғаны үшін жаза тағайындалған жағдайларда, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер осы Кодекстің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?