Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Алматы қаласы химия - биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Құқық негіздері
Дайындаған: Капарова Кибаш Уаповна
Тақырыпты болжау
Қылмыс деген не?
Жаза деген не?
Жаза не үшін тағайындалады?
Жазаның мақсаты не?
Тәртіпсіз ел болмайды,
тәртіпке бас иген құл болмайды.
Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің құлы.
Б. Момышұлы
Сабақтың тақырыбы:
Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары
Сабақтың мақсаты:
10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау
10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау
Пәннің лексикасы мен терминологиясы:
Қылмыс
Жаза
Қылмыстық жаза түрлері
Айыппұл
Түзеу жұмыстары
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығынан айыру
Өлiм жазасы
Оны түзеу жұмыстарына тарту керек, себебі (…)
Оған өлім жазасы тағайындалмайды, себебі (...)
Талқылау
Азамат Д 14 жасар С-ны соққыға жығып, велосипедін тартып алды. Сот Д-ны 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Азамат Е 21 жастағы Т-ны соққыға жығып, қымбат бас киімін тартып алды. Сот Е-ні 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Оқушылардың міндеті:
2 жағдаяттағы жаза түрін салыстырып, анықтау.
Қылмыстық жазаны тағайындаудағы ерекшелігін анықтау, қорытынды жасау.
Қылмыстың қоғамда жасалу себептері :
Кедейшілік
Жұмыссыздық
Мәдениеттің төмендігі
Адамгершіліктен азғындау
Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі
Маскүнемдіктің етек алуы
Нашақорлық
Құқық қорғау органдары қызметінің
қанағаттанарлық болмауы т.б.
Жаза түрлері :
• Айып салу
• Құқықтан айыру
• Қоғамдық жұмысқа тарту
• Еңбекпен түзету жұмысы
• Бас бостандығын шектеу
• Тұтқындау
• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
• Бас бостандығынан айыру
• Сотталушының мүлкін тәркілеу
• Өлім жазасы
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Азамат 14 жастан бастап қылмыстың мына түрлері үшін жауапқа тартылады:
Кісі өлтіру (96 – бап)
• Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап
• Әйел зорлау – 120 бап
• Тонау – 175 бап
• Ұрлық – 178 бап
• Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап
• Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап
• Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап
• Адам ұрлау – 125 бап
• Терроризм – 233 бап
• Аманаттыққа тұтқындау – 234 бап
• Уландырғыш заттарды ұрлау – 260 бап т.б.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79 бап
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
ҚР Қылмыстық Кодексінде қылмыскердің кінәсін
жеңілдететін жағдайлар :
• Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса
• Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса
• Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен – қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса
• Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса
ҚР Қылмыстық Кодексінде қажетіне қарай қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар :
• Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса
• Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса
• Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз
жағдайында жасалса
• Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса
• Қылмыс ерекше қатігездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса
• Қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса
• Қылмыс арнайы киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасалса
Рефлексия:
Бүгін мен білдім…
Қызықты болды…
Мен орындадым…
Мен үйрендім…
Үйге тапсырма: Венн диаграммасы.
Әкімшілік және қылмыстық жаза.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?