Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары, Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары

Сабақтың мақсаттары

10.2.4.5 жеңілденетін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау

10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылуы шарттарын айқындау

Бағалау критерийлері

Бағалау

Құқықтық шешім шығаруға болатынын анықтап бағалайды.

Жазаны жеңілдетудің мүмкіндігі қаншалықты болуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

Пікірталас

Қылмыстық жазаны жеңілдетудің қандай оң жақтары болуы мүмкін?

Рақымшылық және кешірім жасау гуманизмнің көрінісі ретінде санайсыз ба?

Өлім жазасына кесу қылмыстылықты қаншалықты төмендетті?

«Қанға-қан, жанға-жан» деген қанды кек қағидасы қазіргі өлім жазасы ма?

Өлім жазасынан бас тарту өркениеттің өлшемі ме?

Жағдаяттармен жұмыс

Жағдаяттармен танысып, аталған жағдайларда қандай құқықтық шешім шығаруға болатынын анықтап баға беріңіз. Гуманизм принципін қолдана отырып, жазаны жеңілдетудің мүмкіндігі қаншалықты болуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз

1-жағдаят. Н деген азамат С деген азаматтың үйіне туған күн кешіне келеді. Н деген азамат С деген азаматшаның iPhone Х телефонын ұрлап кетеді. С деген азаматша құқық қорғау органдарына шағымданады. Құқық қорғау органдары ір номері бойынша А деген азаматтың ұрлағаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары А деген азамат алғаш рет қылымыс жасағаны үшін айыппұл төлеу жазасын ғана береді.

Жағдаяттармен жұмыс

Жағдаяттармен танысып, аталған жағдайларда қандай құқықтық шешім шығаруға болатынын анықтап баға беріңіз. Гуманизм принципін қолдана отырып, жазаны жеңілдетудің мүмкіндігі қаншалықты болуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз

2-жағдаят. Бір адамның әйелі қатты ауырып қалады. Ешқандай ем көмектеспейді. Әбден басы қатып не істерін білмей отырғанда, дәрігер келіп көшенің арғы жағындағы ғалымның үйіндегі дәрімен емдеуге болатының айтады.Әлгі адам сол үйге қарай жол тартады. Қарызға беруін сұрайды. Бірақ ғалым оған келіпейді. Үміті үзілген адам үйіне қайта келіп, ауырып жатқан әйелін көреді. Сол түні ол ғалымның үйіне барып дәріні ұрлап кетеді. Таңертен ғалымның үйінде үлкен шу шығып, құқық қорғаушыларға кеше келген адам ұрлап кеткенің айтады. Бірнеше күннен кейін сот отырысы болады. Сотталған адамға сөз берген кезде: «Мен ол дәріні қызғаныштан ұрлаған жоқпын, не болмаса өзімме алып көбейтіп пайда көру үшін ұрлаған жоқпын. Әйелімнің жазылып кететіне көмектесетін жалғыз жол болғасын осындай қадамға бардым...» деп айтады. Сот отырысы ұрлаған адамды соттамай тек белгілі бір уақыт аралығында ғалымға ақшасын қайтарып беруін талап етеді.

«Қазіргі таңда кейбір азаматтар саналы түрде бірнеше рет ауыр қылмысқа барып, сот үкімін шығару барысында өздерінің жүкті әйелі, кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін айтып, олардың артында тығылып, судьяны жазасын жеңілдетуін сұрайды»

Сіздің ойыңызша мұндай әрекеті үшін жазаны жеңілдету әлде ауырлату қажет пе? Өз тұжырымыңызды жазыңыз.

Рефлексия

Үйге тапсырма

«Қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылуы шарттары қандай?» атты тақырыпқа 120 сөэден кем емес эссе жазу

Критерийлері:

Кіріспе,

негізгі бөлім,

қорытынды

екі жақты көзқарас



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?