Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар

Мектеп :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау

10.2.4.4 кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

Сабақтың мақсаты:

Қылмыстық құқық бұзшылықтың қоғамға әсерін анықтау

Бағалау критерийлері:

  • теріс қылық пен қылмыстың белгілері бойынша ажырату;
  • Қылмыстың объективті жағы субъективті жағы анықтау;
  • Қылмыстық жауапкершілік сай іс-әрекеттерді анықтау;
  • Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту

ерекшеліктерін талдау;

Тілдік міндеттер:

Оқушылар  кейс стади технологиясы бойынша тапсырмаларды орындау барысында өздерінің жазылым және айтылым дағдыларын дамытады,

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қылмыс, жаза, қылмыс құрамы объект, субъект, объективті жағы, субъективті жағы қылмыс сатылары сөздеріне өз ойларын бере алуы.

Қылмыс дегеніміз (...)

Қылмыстың жасалуы мына сатылардан тұрады: (...)

Қылмыстың мынадай түрлері бар (...)

Мен келісемін (-пеймін), себебі (…)

Құндылықтарды дарыту

Жалпы адамзаттық құндылықтын дарыту топта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады

Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге, ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезім қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта арқылы сабақтың мәнісін түсінуде суреттер топтамасын қолдану

Алдыңғы білім:

Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін жаңа сабақта қолдана алады

Жоспар:

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Басы

Ортасы

Соңы

I.Қызығушылықты ояту:

М/ Оқушыларды сабақтың тақырыбына шығару үшін қылмыс әрекеті бейнеленген бірнеше суреттер көрсету

Ж/ 1минут суреттер қарай отырып, өз ойларын жазады және сынып алдында жариялайды.

М/ Егер оқушылар тақырыптан ауытқып бара жатса, сұрақтар қою арқылы тақырыпқа шығарылады.

Д/ «Нысана» әдісі арқылы сыныпта «қылмыстық құқық» ұғымын ашу үшін 2 шеңберге «қылмыстық құқыққа» байланысты ассосация жазады, кейін ассосацияларды қолданып, 3 шеңберге анықтамасын жазады.

М/ «Нысана әдісі» бойынша жазылған «қылмыстық құқық» ұғымына байланысты анықтаманы сыныпта тыңдай отырып, тақтада ұғымға қатысты дұрыс жазылған анықтаманы көрсетіп, оның мәнісіне талқылау жүргізеді.

М/ Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстарады.

Ж/ Әр оқушы таратылған конститутция баптарын қолдана отырып, қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.

Ф/ Жұптар өздігінен жасаған жұмыстарды өзге жұптарға көрсетіп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптар өзара талқылау кезінде жазған жауаптарда қателіктер кездескен жағдайда, жауаптардың дұрыс жазылуына мұғалім бағыт-бағдар беріп отырады.

Ж/ 1 жағдайат. Цирк қызметкері Досеков достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап Тұяқовқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Тұяқовты «Күнде істеп жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір пышақ Тұяқовтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.

 

  • Досековтың іс әрекеті қылмыс болып табыла ма?
  • Досековтың іс әрекеті қылмыс болып табылса, қылмыстық па? әлде қылмыстық теріс қылықпа?
  • Қылмыс екенін қалай дәлелдей аласыз?
  • Досековты кінәлі деп есептей аласыз ба?
  • Досековке жаза қолданыла ма?

Д/ Берілген мәтінді қолдана отырып, төмеңдегі сұрақтарға жауап береді:

1) Кәмелетке толмаған адамдар деп кімдерді айтамыз?

2) Қылмыстық жауапкершілікке неше жастан бастап тартылады?.

3) Қандай іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке жатады?

4) Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар?

Ж/ 2 жағдайат. Кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Омар шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

  • Омардың іс-әрекеті дұрыс болдыма?
  • Бұл жаза қаншалықты орынды болды?
  • Омардың ата-анасын жауапқа тарту дұрыспа?

Ф/ Жұптар өздігінен жасаған жұмыстарды өзге жұптарға көрсетіп, өзара бағалау жүргізеді. Жағдайаттарды талқылау кезінде қателіктер болған жағдайда, жауаптардың дұрыс жазылуына мұғалім бағыт-бағдар беріп отырады.

Үйге тапсырма: «Қандай әрекет қылмыс болып табылады?» атты тақырыпқа шағын эссе жазыңыз ( 80-100 сөз): Кез келген қылмыс түрінен бір мәселе табу

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

ҚР Қылмыстық Кодексінің 10 бабы

http://alm.sud.kz/rus?page=50&c=03-06/423&p=7785998389

https://www.youtube.com/watch?v=404Zq6ePXiw

ҚР Қылмыстық Кодексінің 6 тарауы (80-90 баптар)

Таратпа

Презентация

Слайд

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?