Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Кім қылмыскер?

Оған қандай жаза беріледі?

Сабақ тақырыбы:

Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар

Оқыту мақсаты:

нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау

кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

Бағалау критерийлері

- Қылмыстық құқық бұзушылық түрін біледі;

- Қоғамдағы тұлғалардың теріс қылығы мен қылмыс бұзушылығын анықтай алады;

- Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін талдай алады.

Қылмыс па, теріс қылық па?

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған айыпты іс-әрекетті айтады.

ТЕРІС ҚЫЛЫҚ

ҚЫЛМЫС

Қылмыстық теріс қылықтың өзіне тән негізгі 4 белгісі болуы тиіс:

1.   Әрекет қасақана болуы;

2.   Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;

3.   Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;

4.   Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс.

Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығы

Топтық жұмыс

Тапсырма: берілген ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыздар.

Дискриптор:

Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгісін анықтайды;

Қылмыстық құқық бұзушылықтың түрін ажыратады.

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:    

1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

2) айыппұл;

3) түзеу жұмыстары;

4) қоғамдық жұмыстарға тарту;

5) бас бостандығын шектеу;

6) бас бостандығынан айыру болып табылады.

Жұптық жұмыс

Тапсырма: берілген ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтың түріне байланысты жағдаят құрастырыңыздар.

Дискриптор:

ҚР Қылмыстық кодекске сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты баптарды анықтайды;

Қылмыстық құқық бұзушылықтың түріне жіктеп, жағдаят құрастырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?