Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспры.
Бөлім: Қылмыстық құқық жүйесі | Мектеп: Алматы қаласындағы ХББ НЗМ | ||
Уақыты: Сынып: 10 (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) | Мұғалімнің аты-жөні: Кайырбекова Ж.Б. | ||
Сабақтың тақырыбы: | Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар | ||
Оқу мақсаты | 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау 10.2.4.4 кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау | ||
Сабақтың мақсаты: | Қылмыстық құқықтағы тұлғалардың құқық бұзушылығы мен жауапкершілігін талдау | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік міндеттер: | Оқылым мен айтылым ҚР қылмыстық кодекс баптарын оқу және түсіндіру Жағдаяттарды талдау негізінде айтылым дағдысы | ||
Құндылықтарды дарыту |
| ||
Пәнаралық байланыстар | қазақ тілі, өзін-өзі тану | ||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан ақпарат материалдарын пайдалану | ||
Алдынғы білім: | Қылмыстық кодексті қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде біледі. | ||
Жоспар | |||
Уақытты жоспарлау | Жоспар бойынша тапсырмалар | Дерек көздері | |
Сабақтың басы 3 минут | Миға шабуыл. Оқушыларға қылмыс болған оқиға көрсетілетін сурет ұсынылады. Сурет бойынша төмендегі сұрақтар беріледі: - Кім қылмыскер? Қандай дәлелдеріңіз бар? - Оған қандай жаза беріледі? М Алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырылады. Сабақ жоспары қысқаша баяндалып, сабақтың соңғы нәтижелігі анықталады. | Слайд 1-4 | |
Сабақтың ортасы 7 минут | М Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты ауызша жағдаяттардан мысал келтіріледі. Оқушылар олардың «Қылмыс не теріс қылық» екенін анықтайды. Құқық бұзушылықтың 2 түрі бар: қылмыс және қылмыстық теріс қылық. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары , қоғамдық жұмысқа тарту, қамауға алу түрінде жаза көрсетілген, айыпты жасалған іс әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. Оның өзіне тән 4 белгісі көрсетілген: 1. Әрекет қасақана болуы; 2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі; 3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу; 4. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс. Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығымен таныстырады. | Слайд 5-8 | |
10 минут | Т Оқушыларды төрт топқа бөледі. Тапсырма: берілген ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыздар. Дискриптор: Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгісін анықтайды; Қылмыстық құқық бұзушылықтың түрін ажыратады. Топтар өзара бағалау жүргізеді. | Слайд 9 Таратпа материалдар: ҚР Қылмыстық кодексінің баптары | |
5 минут | М Кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады. 81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi
| Слайд 10 | |
10 минут | Ж Тапсырма: берілген ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтың түріне байланысты жағдаят құрастырыңыздар. Дискриптор: ҚР Қылмыстық кодекске сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты баптарды анықтайды; Қылмыстық құқық бұзушылықтың түріне жіктеп, жағдаят құрастырады. Мұғалімнің бағалауы жүргізіледі | Слайд 11 ҚР Қылмыстық кодексі http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 | |
Сабақтың Соңы 5 мин | Рефлексия Не білдім? Қандай жетістікке жеттім? Қандай қиындықтар туындады? Нені білгім келеді? Менің ұсынысым бар? | Слайд |
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын. Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?