Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қылмыстық құқық жүйе

Мектеп: Шымкент қ. ФМН НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жамелов Б. А

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау

10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

 Сабақ мақсаттары

нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттайды

кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

 Бағалау критерийлері

 

 

Қолдану

Жағдаяттармен танысып, жасалған әрекеттің қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық екендігін анықтап, қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша орналастырады

Анализ

Жағдаяттармен танысып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қандай жаза қолданылу мүмкін екендігін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Қылмыстық құқық бұзушылық дегеніміз...

Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз...

Қылмыстық құқық бұзушылыққа тартылатын тұлғалар..

Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар..

Қылмыс қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипатталады, себебі...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ашықтық,жауапкершілік

- құқықтық сауаттылық

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет...

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың аяғы

Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату.

Б Сыныпқа «Қылмыс пен жаза» атты бейнебаянды көрсетіп, тақырыптың аясында талқылау ұйымдастырамын.

1.Төменде берілген жағдаяттармен танысып, жасалған әрекеттің қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық екендігін анықтап, қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша орналастырыңыз (қосымша 1)

1.Азамат М. Ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Ішкі істер басқармасында 3 миллион тұрғынның жеке мәліметтерін өз серверлерінде сақтайды. Бір күні азамат М. қателік жасауының нәтижесінде 3 миллион тұтынушының жеке өміріне қатысты ақпарат көпшілікке таралып кетеді.

2.Цирк қызметкері Аманов достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап Нұржановқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Нұржановқа «Күнде істеп жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір пышақ Нұржановтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.

Әрекет түрі______________

Әрекет түрі______________

Түнгі уақытта азамат Н. банкке басып кіріп, күзетшіні суық қару қолдану арқылы қорқытып, кассадағы ақшаны тонайды.

Көлік жүргізіп келе жатқан азамат Г. жол жүру жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан асырып қарсы жолға шыға берісте қарсы келе жатқан көлікпен үлкен жылдамдықта соқтығысады. Нәтижесінде көлік жүргізуші қайтыс болады. Қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақатын алды.

Әрекет түрі______________

Әрекет түрі______________

Жоғарыда берілген қылмыс/қылмыстық теріс қылыққа байланысты берілген жағдаяттарды қоғамға қауіптілігі деңгейі бойынша орналастыр

1.

2.

3.

4.

2.Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз (қосымша 2)

Жағдаят 1. Кәмелет жасқа толмаған тұрғындар Қанат пен Самат 2015 жылдың 25 тамызында сағат 18.00-шамасында Сейфуллин көшесінде орналасқан «Зерде» кеңсе тауарларын сатумен айналысатын сауда кешенінде сатушыға шабуыл жасап, өмірі мен денсаулығына қәуіпті емес күш қолданып, оның ақшалай қаражатын және сатылымға қойылған кеңсе тауарларының едәуір бөлігін иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 25000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Жағдаят 2. 9 сынып оқушысы Нұралы (15 жаста) өзінің сыныптасы Әзімханға өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан

Бағалау критерийлері:

Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес анықтайды

А) 191 бап. Тонау

В) 192 бап. Қарақшылық.

С) 193 бап. Қорқытып алу.

Жағдаятқа сәйкес кәмелетке толмаған азаматтарды Қылмыстық кодекске сәйкес қандай жаза күтіп тұр?-деген сұраққа оқушылар өз пікірін білдіреді.

Рефлексия. «Табыс баспалдағы»

Қиын емес,

бірақ

мүмкін-

сәл

қиналдым

Қиын,бірақ

түсінуге

тырыстым

Қиын, бірақ

бар

түсінігімді қолда-

на білдім.

Қиын, бірақ

сабақты

игерген

сияқтымын

Қиын, соған қара-

мастан барлық

тапсырмаларды

орындап шықтым

«Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар» атты тақырыпқа 120 сөэден кем емес эссе жазу

Критерийлері:

Кіріспе,

негізгі бөлім,

қорытынды

екі жақты көзқарас

https://www.youtube.com/watch?v=X23HVM69sBA

қылмыс пен жаза

Жағдаяттар жазылған мәтін таратылады

Жағдаяттар жазылған мәтін таратылады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?