Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жария құқық Қылмыстық құқық жүйесі | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау 10.2.4.4 кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларды қылмыстың түрлерін жағдаятар арқылы ажыратқызып қоғамдағы құқықтық жауапкершіліктерін арыттыру. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | ҚР Конституцияындағы адам құқықтары мен бостандығының қорғалуы | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға тигізетін ... салдары бар. ҚК. біліп түсіну арқылы шағын эсселер мен жағдаяттарды талдау дағдыларын қалыптастыру | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өткен тақырыпта алған білімдерін еске түсіру | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарды қажетінше пайдалану | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға өткен тақырыптарды бірнеше сұрақтар арқылы қайталатып еске түсіру: - ҚР.ҚК несебепті өзгерістер енгізілді? - Қандай әрекеттер қылмыс деп есептеледі? - ҚК қандай бөліктер мен баптардан құралған? т.б. Осы тақырыпқа байланысты ұғымдық анықтамаларды қарастыру. Құқық бұзушылық дегеніміз - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық жауапкершілік пен жазалауға тек қылмыс жасауға, яғни қылмыстық заңнамамен қарастырылған қауіпті әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған кінәлі адам ғана тартылады. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Осы ұғымдарға байланысты оқушылардың ой түсініктерін білу. ҚР.ҚК Жалпы бөліктегі негізгі бөлімдерді қарастыру. 2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР (10-38 баптарды қарастыру) 6-БӨЛІМ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ олар Мағынаны ашу Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 14 қараша 2014 ҚР.ҚК жұмыс жасау. Б/О.Тапсырма №1.мәтінді оқып одан ҚК бойынша Қылмыс пен теріс қылықтарға қандай жаза тағайындалатын анықтау.
Оқушыларға жағдаяттарды 3-топқа бөліп беру арқылы Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істегі әрекеттерін анықтап оларға тағайындалатын жазаларды қарастыру: 1.Мысалы, кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. 1-топ,Омар мәселесін. 2-топ,Расулдың іс-әрекетін. 3-топ.Қандай жаза қолданатынын заң бойынша қарастыру 2.Мысалға, 2015 жылдың 8 наурызында Степногор қаласында кәмелетке толмаған Н. көп қабатты үйлердің подъездерінің біріндегі, пошта жәшіктерінің біреуінен газет орамаға оралған есірткі құралы – 0,7гр. кептірілген марихуананы тауып алған, ол оны қалтасына салып, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.Сол күні полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмаған Н. кептірілген марихуанасы бар газет орамасы табылған және алынған. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтауға көз жеткізу.
Кері байланыс орнату. Жағдаяттардың заңға сәйкестігіне байланысты ойларымен пікір бөлісу және қателіктерін өздеріне жөндету.
| Ситуация http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/511-zhasospirimderdin-kylmystyk-zhauapkershiligi.html http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 http://akm.prokuror.kz adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 http://uko.sud.kz/kaz/news/kmeletke-tolmagandardyn-kylmystyk-zhauaptylygy |
2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.
2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
4. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
3-БӨЛІМ. ЖАЗА
39-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
1. Жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.
40-бап. Жаза түрлерi
1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.
2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) бас бостандығын шектеу;
4) бас бостандығынан айыру;
5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу;
2) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін.
Б/О.Тапсырма №1.
Екінші мәтінді оқып одан ҚК бойынша Қылмыс пен теріс қылықтарға тағайындалатын жазаны анықтау.
Қылмыс жасағандарға жаза | Теріс қылық жасағандарға жаза |
айыппұл | айыппұл |
түзеу жұмыстары | түзеу жұмыстары |
бас бостандығын шектеу | қоғамдық жұмыстарға тарту |
бас бостандығынан айыру | қамау |
өлiм жазасы | - |
Нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау |
|
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау |
|
Б/О. Тақырыпқа сай мәтін беріледі.
Критерийі | Дескриптор |
Қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?