Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жария құқық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.1 Қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау

10.2.4.2 Нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға қылмыстық кодекс дегеніміз не және оның мазмұны мен құрылымын анықтау және өмірлік жағдаяттар арқылы түсіндіру.

 Құндылықтар

ҚР Конституцияындағы адам құқықтары мен бостандығының қорғалуы

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Қылмыс дегеніміз ... (айтылым дағдысы)
  • Кодекс белгілі бір салаларға ...
  • «Қылмыстық кодекс-қылмыстық жауаптылықтың негізі» пікір алысу. (айтылым ,жазылым дағдысы)

Меніңше, қылмыстық кодекс ... білдіреді

Қылмыстық кодексті білу қажетті мәселеге айналды себебі...

Пәнаралық байланыстар

9-сыныпта және алдыңғы тақырыптарда алған білімдерін қажетінше қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа сай бейнебаян және интернет ресурстар

Сабақтың

басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың

соңы

Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға ой түрткі жасау, ой қозғау және шығармашылық идеяларға қарай бағыттау. Ол үшін бірнеше сұрақтар беру:

  • Қылмыс дегеніміз не? 2-3 мысал келтіріңдер.

Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.( “Қазақ энциклопедиясы” /Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 1998) II бөлiм. Қылмыс,9-бап.

Анықтамаларын беру арқылы өздік түзетулер жасатқызып академиялық ұғым мен термин сөздерді дұрыс айтуга үйрету.

Қылмыстық кодекс (ағылш. criminal codeнем. Strafgesetzbuch it, орыс. уголовный кодекс) — бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.Қандай қоғамдық қауіпті әрекеттер қылмыс болып есептелетінін анықтайтын және оларды жасағаны үшін жазалауды тағайындайтын қылмыстық заңнамалық акт болып табылады.

 (Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008)

  • Кодекс сөзіне ассосациялық карта жасату

Жетекші сұрақтар арқылы толықтырылып болған соң бүгінгі тақырып пен оқу мақсаттары таныстырылады.

Тақырыпқа ену үшін сабақтың басында 3-мин. https://www.youtube.com/watch?v=wFxALZpUmzA

Бейнебаян көрсету онда мынадай сұрақтарға жауап түртіп отыруды сұрау: Қазір осы бейнебаянға байланысты сұрақтар болатынын ескерту. Атап айтқанда, олар:

- Не көріп отырсыздар?

- Қандай мәселелер қарастырылған?

-Бұл мемлекет үшін,әрі қоғам үшін неліктен маңызды? т.б.

Бейнебаяндағы басты ой не болып табылатындыгына баса назар аудара отырып тақырыпқа ену.

Мағынаны ашу.

(О/Б).Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірінші мәтін үлестіріледі.(ҚР Қылмыстық кодексі). Қысқартылған өңделген түрі.Осы мәтіннен қылмыстық кодекс, қылмыстық құқыққа қатысты онық мазмұны мен құрылымын анықтату және ұғымдарды қалай ажырататындығына көз жеткізу.Барлығы түсінікті болу үшін бірнеше түрткі болатын сұрақтар қою:

  • Әліде болса анығырақ айтып жіберсең?
  • Кім осы ойды толықтырып жібереді?(т.б.)
  • Термин сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты жұмыстар жүргізу.Сөздерді анық,сөйлемдерді толық айтуларын қадағалау.

Сонымен ҚР. Қылмыстық кодексінің мазмұнын анық ажыратып алайық:

  • ҚР. Қылмыстық кодексі кашан қабылданды?
  • Мазмұны қандай?
  • Құрылымы нелерден тұрады?
  • Кодекс не үшін маңызды? т.б.

 Бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, 2015 жылы пайдалануға берілген.ҚР Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөліктен,18-тараудан, 467-баппен, Қорытынды ережелерден құралған.

Нақты өмірлік жағдаятты беру арқылы оларды қылмыстық құқықтың нормаларына сәйкестендіру.

Тапсырма:

Ситуациялық жағдаят

Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті

  • Бұл оқиға қой кезеңде болып тұр?
  • Құрамында қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік барма?
  • Бар болса дәлелде?
  • Егер жоқ болса түсіндір.

Бүгінгі сабақтың бағалау критерийлері беріледі:

Критерийі

Дескриптор

Қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау

  • ҚК мазмұнын білу, түсіну
  • ҚК құрылымын анықтау

Нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру

  • Жағдаяттағы қылмыстың түрін анықтау;
  • Оны баптарға сәйкестендіру.

Ауызша бірнеше оқушыға сұрақтар қою арқылы толықтыртып түсінгендеріне көз жеткізу.

Кері байланыс орнату.

 

https://www.youtube.com/watch?v=wFxALZpUmzA

adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?