Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация, 1 - сабақ


Төмендегі сұрақтарға жауап

беріңіздер

Экологиялық құқық дегеніміз не?

Экологиялық құқықтың пайда болу себебі неде?

Қандай экологиялық мәселелер бар және олар заң аясында қалай шешіледі?

Бөлім: Экологиялық құқық негіздері

Тақырып:

Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Оқу мақсаттары

10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру

10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаты

Экологиялық құқықтың негізгі мәнін ашу

қоршаған ортаны қорғау;

экология;

ластану;

қалдықтарды залалсыздандыру.

Пәнге қатысты кілт сөздер

Экология (латын тілінен  оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Экология терминін ғылымға алғаш енгізген ғалым Эрнст Геккель  болып саналады (1866).

Экологиялық құқық  экологиялық заң нормаларының (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғауэкологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық-экологиялық қатынастарды реттейді.

Яғни, Экологиялық құқық дегенімізқоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы экологиялық қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Экологиялық құқықтың көздері

Қазақстан Республикасының (ҚР) Жер кодексі;

ҚР Су кодексі;

ҚР Орман кодексі;

ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» Заңы

ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы» Заңы,

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы;

ҚР Президентінің Мұнай туралызаң күші бар Жарлығы;

Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР Заңы;

ҚР«Өсімдіктер карантині туралыЗаңы т.б.

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?