Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билікті басқарудағы құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал.
Мемлекеттік органдар
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Заң шығарушы билік органдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған органдардан тұрады.
Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент екі палатадан: сенат және мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Атқарушы билік органдары
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқым тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады.Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді 2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3)Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?