Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация, 1 - сабақ


Төмендегі мәселелерді қалай

түсінеміз?

Конституция дегеніміз не?

Неліктен ҚР Конституциясы қабылданды?

ҚР Конституциясы қандай бөлімдерден тұрады?

Конституцияның осындай құрылымынан қандай ой-түйін шығаруға болады?

Бөлім: Қазақстан Республикасының

конституциялық құқық жүйесі

Тақырып:

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары

Оқу мақсаты

10.2.1.1 Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру

10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және т. б.).

Сабақ мақсаты

Конституциялық құқық институттарының міндеттерінің маңыздылығын анықтау

Тақырыпқа қатысты

терминология

Конституция

Конституциялық заңдар

Конституциялық Кеңестің актілері

Мемлекеттік басқару жүйесі

Президент

Парламент

Үкімет

Сот және судья мәртебесі

Конституциялық-құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және т.б. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматтардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделеді.

Топтық жұмыс

ҚР Конституциясында анықталған негізгі конституциялық құқық институттары туралы мәтін негізінде осы институттардың негізгі мақсаты мен міндеттерін талдап беріңіздер:

1-топ: Конституциялық құрылыс негіздері

2-топ: Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері

3-топ: Мемлекеттік билік жүйесі

4-топ: Жергілікті басқару жүйесі

Жұмыстарыңызды интеллект карта негізінде жасап, қорғаңыз

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?