Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 - сабақ


«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.1.1 Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру

10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және т. б.).

 Сабақ мақсаты

Конституциялық құқық институттарының міндеттерінің маңыздылығын анықтау

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңес актілері деген ұғымдарды біледі, түсінеді

Талдау

Конституциялық құқық институттарының негізгі мақсаты мен міндеттерін талдап береді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

  • Конституция
  • Конституциялық заңдар
  • Конституциялық Кеңестің актілері
  • Мемлекеттік басқару жүйесі
  • Президент
  • Парламент
  • Үкімет
  • Сот және судья мәртебесі

Конституция...

Мен... деп ойлаймын

....органдардың құқықтық мәртебесі...

....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі...

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Жаһандық азаматтылық

Әкімшілік құқықтың белгілерін талдай отырып, сол деңгейге жету жолдарын талқылау барысында әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерін қарастырып, салыстыру.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-20 мин

0-10 мин

10-20 мин

Б Сабақ тақырыбына бағыттау үшін оқушыларға келесі сұрақтар негізінде сыныппен талқылау ұйымдастырады:

  • Конституция дегеніміз не?
  • Неліктен ҚР Конституциясы қабылданды?
  • ҚР Конституциясы қандай бөлімдерден тұрады?
  • Конституцияның осындай құрылымынан қандай ой-түйін шығаруға болады?

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Құрмет атты мемлекет құндылықтары дарытылады

М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырады. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұрайды. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кілт сөздермен таныстырып, талқылау жүргізеді.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теорияся. – Алматы, 2003.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Сабақтың ортасы

20-75 мин

20-40 мин

40-50 мин

50-75 мин

М Мұғалім оқушыларға ҚР Конституциясының бөлімдерінде анықталған негізгі конституциялық құқық институттары жайлы түсінік береді. Түсіндіру жұмысы барысында оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып отырады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп бағалап отырады.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Т Сынып топтарға бөлінеді. Топтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында анықталған негізгі конституциялық құқық институттары туралы мәтіндер таратылады, топтар осы институттардың негізгі мақсаты мен міндеттерін талдап береді:

1-топ: Конституциялық құрылыс негіздері

2-топ: Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері

3-топ: Мемлекеттік билік жүйесі

4-топ: Жергілікті басқару жүйесі

Топтар өз жұмыстарын интеллект карта негізінде жасап, қорғайды.

ҚБ Оқушылар бірін-бірі «басбармақ» әдісімен бағалайды және мұғалім кері байланыс беріп отырады

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Сабақтың соңы

75-80 мин

Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген.

Бағалау

Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?