Қазақстан Респбликасының құқық қорғау органдары. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал 4.
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың мақсаты
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.
2. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылатын қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері
1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) қылмыстылықпен күрес;
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:
1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;
13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
14) зерттеулерді жүзеге асырады;
15) іздестіруді жүзеге асырады;
16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;
19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?