Сот төрелігінің қағидаттары, Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мәтін
Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы. Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.
Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):
- адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
2. Сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:
- заңдылық;
- сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
- судьяларды сайлау мен тағайындау;
- судьялардың тәуелсіздігі;
- судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
- сот істерін кәсіби негізде қарау;
- барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
- тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
- сот ісінің тілі;
- сот ісінің жариялылығы;
- сот арқылы қорғану;
- кінәсіздік презумпциясы.
4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.
Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:
- сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;
- сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;
- сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.
Заңдылық.
Заңдылық - сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:
- сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге асырады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап отыруы қажет.
Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы.
Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.
ТАПСЫРМА:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?