Сот төрелігінің қағидаттары, Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________(қолы) _______

 

Пән: Құқық негіздері

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Мемлекет және құқық

Сабақтың тақырыбы

Сот төрелігінің қағидаттары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар болуы керек.

Оқыту мақсаттары

10.1.4.1 сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Сот төрелігінің қағидаттарын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.

 Бағалау критерийлері

1.Сөт төрелігінің қағидаттарын түсіндіреді .

2. Cот төрелігіне нақты мысалдар келтіреді.

3. Жағдаятты талдап, сот төрелігінің қағидаттарын анықтайды, сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

оқушылар  кейс стади технологиясы бойынша тапсырмаларды орындау барысында өздерінің жазылым және айтылым дағдыларын дамытады

Пәнге қатысты лексика мен терминология қылмыс-жаза, қылмыс құрамы: объект, субъект, объективті жағы, субъективт,

- қылмыс ұғымы,

- қылмыс құрамы мен

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қылмыс дегеніміз (...)

Қылмыстың жасалуы мына сатылардан тұрады: (...)

Қылмыстың мынадай түрлері бар (...)

Мен келісемін (-пеймін), себебі (…)

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Құндылықтарды дарыту серіктестік, адалдық топтық жұмыс арқылы жүзеге асады (іс-әрекетті немесе/және тақырытың мазмұнын сипаттау).

Жаһандық азаматтық

Жаһандық азамат қауіпсіздігі.

 Пәнаралық

 байланыстар

Пән

 Пәнаралық

 байланыстар

 Дифференциация

Дүниежүзі тарихы

Әр топқа берілген тапсырма арқылы оқушы деңгейі анықталады.

1-топ. Постер қорғау

2-топ. Бейнесюжетпен мысал келтіру

3-топ. Рөлдік ойын .

4-топ. Сот процесін көрсету

Кезең

Қызығушылықты ояту кезеңінде білімдерін пайдалана отырып сабаққа кіріспе жасауда тарихтан мысалдар келтіру.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтормен жұмыс жасай отырып, презентациялар мен хабарламалар дайындайды

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі.

  • Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы не білесіз?
  • Сот жүйесі қандай қағидаларға негізделу керек? Сұрақтар арқылы оқушы пікірі тыңдалады.

Бейнесюжетке талдау жасау.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Ресурстар

1-4 слайд

https://www.youtube.com/watch?v=dx1Hp8cSBrc

Сабақтың ортасы

7 мин

8 мин

15 мин

Мағынаны тану кезеңі.

Сот төрелігінің принциптері мыналар:

    • Заңдылық;
    • Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
    • Судьяларды сайлау мен тағайындау;
    • Судьялардың тәуелсіздігі;
    • Судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
    • Сот істерін кәсіби негізде қарау;
    • Барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
    • Тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
    • Сот ісінің тілі;
    • Сот ісінің жариялылығы;
    • Сот арқылы қорғану;
    • Кінәсіздік презумпциясы.

Талдау жасалады.

ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):

Топтық жұмыс:

1-топ. Постер қорғау

Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз

  • Адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
  • Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

2-топ. Бейнесюжетпен мысал келтіру

Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз

    • Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
    • Сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
    • Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;

3-топ. Рөлдік ойын

Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз

  • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
  • Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
  • Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

4-топ. Сот процесін көрсету

Тапсырма-1 /Қағидаттарды талдап, нақты мысал келтіріңіз

  • Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
  • қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
  • ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

Презентацияларын қорғау.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды қорғап болғаннан соң, бағалау жүргізіледі.

5-6 слайд

7-11 слайд

12 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Б Оқушылар елдердің қандай озық тәжірибесін Қазақстанға енгізуге болатыны туралы екі ұсыныс жасайды.

ББҮ кестесін толтырып бітіреді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Рефлексия

Positive

Negative

Offers

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?